Евразия24ЖаңалықтарМАГАТЭ басшысы Иранмен келісімнің таяу уақытта жасалатынына үміт білдірді

МАГАТЭ басшысы Иранмен келісімнің таяу уақытта жасалатынына үміт білдірді

|

|

Вашингтон. 28 тамыз. ИНТЕРФАКС – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси Иранмен арадағы келіссөздерде оң қозғалыс байқалатынын айтып, жақын арада нақты келісімге қол жеткізілетініне сенім білдірді.

«Инспекторлардың Иранға қайта оралуының өзі – прогрестің нақты белгісі», – деді ол дүйсенбі күні Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.

Гросси өз сөзінде: “Жақын арада келісімге келеміз деген үміттемін», – деп қосты. Алайда, ол өзіне қатысты қауіп бар екенін де растады. Журналистер қойған «Бұл қауіп Ираннан ба?» деген сұраққа:
“Мұны нақты солай деп айтқым келмейді, бірақ бағыттас деуге болады», – деп жауап берді.
Сонымен қатар, Гросси былай деді:
“Мен Иранмен конструктивті, мазмұнды қарым-қатынас орнағанын қалаймын. Өкінішке қарай, кейбір қауіп-қатер бар екенін мойындауға тура келеді. Бізде осыған қатысты ақпарат бар, әрі МАГАТЭ орналасқан мемлекет – Австрия – бұл деректерді өте байыппен қарастырды».

The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, соңғы уақытта Гросси қауіпсіздік мақсатында тәулік бойы күзетпен жүрген. Басылым Австрия барлау қызметі Израиль мен Иран арасындағы қарулы шиеленістен кейін Гроссидің өміріне қауіп төнуі мүмкін деген мәлімет алғанын жазады.

МАГАТЭ өкілі Фредрик Даль бұл ақпаратты растай келе:

«Иә, Австрия тарапы COBRA арнайы жасағын жұмылдырды. Бірақ нақты қауіп қайдан төнгенін анық айту мүмкін емес», – деп түсіндірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда мәдениет саласы бойынша екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын мемлекеттік наградалар қатарына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Лула да Силва мен Болсонару Бразилиядағы сайлау науқанын бастады

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні өзінің сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.