Евразия24ЖаңалықтарЕржан Ашықбаев СІМ басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Ержан Ашықбаев СІМ басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

|

|

Астана. 13 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевты Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ашықбаев Ержан Ниғматоллаұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, Президенттің басқа өкімімен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
51 жастағы Ержан Ашықбаев 2021 жылдан бастап Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған. Ол аталған лауазымынан биылғы қыркүйек айының соңында босатылған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Парламенті Құрылтай туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары жұма күні өткен бірлескен отырыста «Құрылтай (бір палаталы парламент) және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан Президенті Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған салтанатты шараларға қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.

Иран Әскери-теңіз күштері мұнай танкерін ұстағанын хабарлады

Жұма күні Иранның Әскери-теңіз күштері (ӘТК) «Ocean Koi» мұнай танкерін ұстағанын жариялады. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлайды.

АҚШ-тың еңбек нарығы туралы деректер алдында доллар позициясын жоғалтты

Жұма күні күндізгі саудада АҚШ долларының бағамы еуро, фунт стерлинг және иенаға шаққанда төмендеп жатыр. Доллардың алты негізгі валютаға қатысты динамикасын көрсететін ICE DXY индексі 0,11%-ға, ал WSJ Dollar индексі 0,24%-ға төмендеді.