Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Ленинград облысының губернаторымен атом энергетикасы мен агроөнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды...

Қазақстан Президенті Ленинград облысының губернаторымен атом энергетикасы мен агроөнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

|

|

Астана. 19 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуда өңіраралық байланыстардың маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуеті жоғары екенін айтып, Қазақстанның аталған өңірмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 400 млн доллардан асты.

Өз кезегінде Александр Дрозденко Ресей Президенті Владимир Путиннің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді.

Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғауға қатысқан қазақстандықтардың ерлігі мен батырлығына ерекше тоқталды. Ол өңірде олардың ерлігі туралы естелік қастерленіп, ұрпақ жадында сақталып келе жатқанын атап өтті.

Кездесуде тараптар өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері қаралды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО-да зиянды шығарындыларды нөлге дейін азайту технологиялары бойынша 75-тен астам жобаға 3,4 млрд еуро бөлінеді

Еуропалық комиссия (ЕК) дүйсенбі күні Инновациялық қордың конкурсы аясында зиянды шығарындыларды нөлдік деңгейге жеткізуге бағытталған 77 еуропалық жоба іріктелгенін хабарлады. Оларға жалпы сомасы 3,4 млрд еуро көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Франция премьер-министрі елдің бірқатар ауданында коменданттық сағат енгізілетінін мәлімдеді

Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню демалыс күндері болған тәртіпсіздіктерден кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дүйсенбі күні кешке елдің бірқатар ауданында коменданттық сағат енгізілетінін хабарлады.

ЕО-дағы жерасты газ қоймалары 74,47%-ға толды. Газ айдау қарқыны әдеттегіден жоғары

Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 17 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,47%-ға жетті. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы Gas Infrastructure Europe (GIE) хабарлады.

Өзбекстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөнінде алғашқы келіссөздерін өткізді

Өзбекстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі диалог аясында алғашқы келіссөздерін өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту және қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады