Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Әзербайжан сауда айналымын $1 млрд-қа жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан мен Әзербайжан сауда айналымын $1 млрд-қа жеткізуді жоспарлап отыр

|

|

Астана. 21 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Әзербайжан жақын арада өзара тауар айналымын екі есеге арттырып, $1 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

«Болашақта екіжақты тауар айналымын екі есеге арттырып, оны бір миллиард долларға жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдау жөнінде келісімге қол жеткізілді», – делінген екі ел басшылары арасындағы келіссөздер мен Жоғарғы мемлекетаралық кеңес отырысы қорытындысы бойынша өткен брифинг туралы баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев брифинг барысында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен бірге екі республиканың үкіметтеріне өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол картасын қысқа мерзім ішінде қабылдауды тапсырғанын мәлімдеді.

«Үкіметтерге бұл бағыттарды бақылауда ұстап, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарын немесе қазір айтылып жүргендей, жол картасын қысқа мерзімде қабылдау тапсырылды. Болашағы бар өзара тиімді жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан-Әзербайжан тікелей инвестициялар қорын белсенді жұмысқа кірістіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», – деді Тоқаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша, тараптар бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделілік білдірген. Ауыл шаруашылығы, энергетика, өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс және цифрландыру салаларында ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар.

Мысалы, трансформаторлар шығаратын бірлескен өндірісті іске қосу жоспарлануда, тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы жүріп жатыр, кеме жасау саласында да бірлескен жобалар пысықталуда.

2024 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы $470 миллионды құрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль Батыс жағалауда терроризмге қарсы операцияларды кеңейтпек

Иерусалим. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Израиль әскері Иордан өзенінің...

Ирак пен Ливан мұнай құбырын тарту жобасын талқылап жатыр

Дубай. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Ливан премьер-министрі Науаф Салам...

АҚШ: Иранға қарсы операцияға байланысты оқ-дәрі қоры жеткілікті

Вашингтон. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты...

Макрон Франциядағы орман өрттеріне байланысты дағдарыс штабының отырысын өткізеді

Париж. 26 шілде. ИНТЕРФАКС – Франция президенті Эмманюэль Макрон...