Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті Республика күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Республика күнімен құттықтады

|

|

Астана. 25 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Республика күнімен құттықтады. Құттықтау мәтінін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратты.

«Құрметті отандастар! Сіздерді шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын! Осыдан 35 жыл бұрын біз Тәуелсіздік туралы Декларация қабылдап, тың тарихи кезеңге қадам бастық. Бұл тағдыршешті құжат халқымыздың өз болашағын өзі айқындау құқығын бекітіп, қазіргі заманауи мемлекеттің негізін қалады», – делінген Президенттің құттықтауында.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы жылдар ішінде еліміз үлкен де күрделі жолдан өтті: «Тәуелсіздіктің саяси әрі экономикалық іргетасы қаланды, халықаралық деңгейде мойындалған шекарамыз бекітілді, жаңа астана салынды, ұлттық бірегейлікті нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында айтарлықтай нәтижелерге жеттік».

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сыртқы саясатының тиімді жүзеге асырылуы Қазақстанның халықаралық беделін арттырғанын атап өтті. «Қиындығы мол кезеңге қарамастан, біз Әділетті Қазақстанды – барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін елді құрудамыз. Саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар мемлекетіміздің өркендеуіне, халқымыздың тұрмысын жақсартуға бағытталған», – деді Президент.

Мемлекет басшысы әрбір қазақстандықтың басты міндеті – Тәуелсіздікті нығайтып, елді дамыған, өркениетті және әділетті мемлекетке айналдыру екенін атап өтті.

«Көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Барша отандастарыма зор денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілеймін!» – делінген құттықтау сөзінде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Армения – манипуляциялық озық технологиялар мүмкіндігінің айқын үлгісі

Елуге жуық мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері заманауи ақпараттық қоғамдағы саяси технологиялардың пәрменділігіне көз жеткізу мақсатында Ереван саммитіне жиналды. 2020 жылғы 27 қыркүйек пен 10 қараша аралығында болған Екінші Қарабақ соғысына дейінгі «ескі әлем» тәртібі бойынша, Армения премьер-министрі Арцахтан (Таулы Қарабақ) айырылғаны үшін ең кемі билігінен, тіпті бостандығы мен өмірінен де айырылуы мүмкін еді. Алайда қазіргі жаңа таңда Никол Пашинян Еуропалық саяси қоғамдастықтың сегізінші отырысы мен Армения – ЕО алғашқы саммиті аясында меймандар арасында ерекше серпінмен бой көрсетті.

Шенділердің пәрмені: Прокурорлар жұмыссыздықпен күресуде

Өңірлерде прокурорлар жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру ісімен айналыса бастады. Заңның сақталуын қадағалайтын сақшылар өздеріне тән емес салаға араласып кеткендей әсер қалдырады.

Неліктен Орталық Азияны Жеңіс тарихынан шеттетіп жатыр?

Қырғызстандық саясаттанушы, тарихи жады мен ақпараттық соғыстар жөніндегі сарапшы Дмитрий Орлов тарихты қайта жазу үрдісі мен мұндай күмәнді науқанның салдарын өте дәл аңғара білген.

Қаңғыбас иттердің тағдыры шешілді

Міне, осымен бәрі аяқталды – Парламент жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады. Енді қайтарымсыз аулау мемлекеттік деңгейде заңды күшіне енді.