Евразия24ЖаңалықтарТрамп Ким Чен Ынмен кездесудің уақытын келістіру мүмкін болмағанын айтты

Трамп Ким Чен Ынмен кездесудің уақытын келістіру мүмкін болмағанын айтты

|

|

Вашингтон. 29 қазан. Интерфакс – АҚШ Президенті Дональд Трамп Азия елдеріне жасаған сапары аясында КХДР лидері Ким Чен Ынмен кездесу уақытын келісу мүмкін болмағанын мәлімдеді.

«Мен Ким Чен Ынды жақсы білемін, арамыз жақсы. Бірақ кездесу уақыты бойынша ортақ шешімге келе алмадық», – деді ол Оңтүстік Корея басшылығымен өткізген екіжақты кездесу барысында.

Трамптың айтуынша, бейсенбі күні Оңтүстік Кореяға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді және сол сапар аясында АҚШ-Қытай келіссөзі өтеді.

Сонымен қатар АҚШ басшысы болашақта Оңтүстік Кореяға қайта келуі мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін Трамп Азия туры кезінде Ким Чен Ын кездесуге ниет білдірсе, қабылдауға дайын екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Ал Пхеньян ресми мәлімдемелерінде АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тартуын талап етуді тоқтатса, диалогқа дайын екенін жеткізген еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады – Қазақстан Премьер-министрі

Қазақстан Премьер-министрі, «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов қордың жаңа басшысы жақын арада тағайындалатынын хабарлады.

Еуропалық комиссия ЕО-ның санкциялар жөніндегі басқармасын құрып, олардың орындалуына жауапты жаңа арнайы өкілді тағайындады

Еуропалық комиссия (ЕК) сәрсенбі күні Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі басқармасы (EU Sanctions Office) құрылғанын және швед дипломаты Ларс Даниэльссонның ЕО санкцияларын іске асыру жөніндегі халықаралық арнайы өкіл болып тағайындалғанын хабарлады.

Сомали президенті БАӘ-ні ел аумағында рұқсатсыз әскери базалар салып, билікке қарсы күштерді қолдады деп айыптады

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) елдің ішкі істеріне араласып, орталық биліктің рұқсатынсыз әскери нысандар орналастырды деп айыптады.

Ресеймен жан-жақты стратегиялық әріптестік

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады, деп хабарлады сәрсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.