Евразия24Еуразия патриоттарыОрталық Азияны жанармай тапшылығы күтіп тұр

Орталық Азияны жанармай тапшылығы күтіп тұр

|

|

 Cronos.Asia швейцариялық энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Владимир Паддактың сөзін келтіре отырып былай деп жазады: “Санкциялар мен дрон шабуылдары Ресейдегі мұнай өңдеу инфрақұрылымына айтарлықтай нұқсан келтіріп, Орталық Азия мен Моңғолияда жанармай тапшылығы қаупін күшейтіп отыр. Оның сөзінше, Украинадағы соғыс басталғалы бері енгізілген санкциялар мен әскери шиеленістер аймақтың Ресейдің энергия ресурстарына тәуелділігін айқын көрсетті. Украина тарапынан дрон шабуылдарының күшеюі Ресейдің мұнай өңдеу қуатының шамамен 20 пайызын – тәулігіне 500 мың баррельге жуық көлемді – істен шығарған. Соның салдарынан Мәскеу қыркүйек айында ондаған өңірде туындаған энергетикалық қиындықтарға байланысты бензин мен дизель экспортын шектеуге мәжбүр болды. Паддактың айтуынша, Қазақстан мұнай мен газ бойынша өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет болғанымен, ішкі қажеттілікті өтеу үшін Ресейден электр энергиясын импорттайды. Ресейлік «Лукойл» компаниясы Каспийдегі «Қаламқас-Хазар» жобасында 50% үлеске ие. Алайда аталған жоба АҚШ-тың екінші деңгейлі санкцияларының нысанына айналуы мүмкін. Өзбекстанда бұл компания 13 кен орнын игеріп отыр, сол арқылы елдегі газ өндірушілер арасында екінші орын алады. Сарапшылардың бағалауынша, Моңғолия тұтынатын мұнай өнімдерінің 95%-ы, Тәжікстандағы қажеттіліктің 90%-ы және Қырғызстандағы бензин мен дизельге деген сұраныстың 90%-дан астамы Ресейден жеткізіледі. Бұл көрсеткіштер өңірдің ресейлік жанар-жағармайға тәуелділігін айқын көрсетеді. Қазіргі жағдайда Ресейдің бензин мен дизель экспортын шектеуі 2025 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Мұндай жағдайда аймақ халқы алдағы қыста жанармай тапшылығына тап болып, отын тұтынуға шектеулер енгізілуі ықтимал. Сонымен қатар энергия бағасының жоғары деңгейде сақталуы әбден мүмкін. Швейцариялық энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Владимир Паддактың айтуынша, АҚШ пен Еуроодақ енгізген жаңа санкциялар қатаң сақталған жағдайда, Орталық Азия мен Моңғолия энергетикалық тұрақсыздықпен күресте одан әрі қиындықтарға тап болады.

 

Евразия24 пікірі:

2025 жылғы шілде айында SpecialEurasia зерттеу орталығының негізін қалаушылардың бірі, әрі зерттеу менеджері Джулиано Бифольки Орталық Азияның Ресейден энергетикалық тұрғыда тәуелді болуының себептерін жан-жақты талдады. Сарапшының айтуынша, көмірсутек экспорты Орталық Азия республикаларының сыртқы сауда теңгеріміне оң әсерін тигізіп келеді. Алайда бұл табысты экономиканы жан-жақты әртараптандыруға тиімді түрде бағыттай алған ел жоқ. «Тікелей шетелдік инвестициялардың негізгі бөлігі энергетика саласына және Қытай капиталы қаржыландыратын инфрақұрылымдық жобаларға шоғырланған. Бұл жобалар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Ал өңірдегі қаржы нарықтарының даму деңгейі төмен, бұл жағдай аймақтағы саяси тәуекелдер мен өтімділіктің жеткіліксіздігімен байланысты», – деп жазды ол өзінің аналитикалық жазбасында. Осыған ұқсас пікірлер де бар. Олардың басты мазмұны – Орталық Азия елдеріндегі энергетикалық инфрақұрылымның моральдық әрі физикалық тұрғыдан тозуына қарамастан, энергияға деген сұраныстың артуы. Ресейге қарсы бағыттағы басылымдар Мәскеудің аймақ елдерінің энергетикалық әртараптандыруға деген талпыныстарын тежеп келгенін алға тартады. Ал бейтарап сарапшылар бұл жағдайды аймақтың экспорттан түсетін табысты тиімді әрі ұтымды пайдаланбауымен байланыстырады. Қалай болғанда да, шындықтың аты – шындық: Орталық Азия күрделі қыс маусымына қадам басқалы тұр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Ирандағы уран байытуға 20 жылдық мораторий енгізуді талап етуде – БАҚ

Егер Тегеран Вашингтонның негізгі ұсынысын қабылдаса, тараптар 30 күн ішінде егжей-тегжейлі келісім бойынша келіссөз жүргізеді.

Парсы шығанағы аймағында Ормуз бұғазының жабық болуына байланысты, шамамен 1,6 мың кеме өте алмай тұр — БАҚ 

Қазіргі таңда Парсы шығанағы аймағында жалпы саны 20 мыңға жуық теңізші отырған шамамен 1,6 мың кеме Ормуз бұғазы арқылы өте алмай, кептеліп қалған.

АҚШ ұсынған меморандум Иранға қарсы америкалық блокаданы алып тастау мен Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты кезең-кезеңімен ашуды қарастырады — БАҚ

АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы бір беттік меморандумда Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын біртіндеп қалпына келтіру және Иран порттарына қойылған америкалық блокаданы алып тастау мәселесі қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. «Бұл мерекенің мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы ерекше. Ол жауынгерлеріміздің ерлігі, рухының мықтылығы мен жанқиярлығын айшықтайды.