Евразия24Басты бетЖаһандық жобалар тартысындағы Қазақстан

Жаһандық жобалар тартысындағы Қазақстан

|

|

Астана қандай жаһандық жобаға қатысу керектігін анықтай алмай отыр, бұл тек көпвекторлы саясатқа байланысты емес. Оның айналасындағы жалпы геосаяси көрініс те толық қалыптаспаған, соның ішінде Мәскеу өзінің мәртебесі мен мүмкіндіктеріне сай дербес бастама ұсынбағандықтан жағдай айқындығы төмендеп отыр. Осындай жағдайда Қазақстанның бағыт-бағдарына әсер ету талпыныстары өз бетімен жүріп жатыр: бір жағынан Қытайдың экономикалық ықпалы күшейсе, екінші жағынан Ұлыбритания мен Түркияның ортақ стратегиялық бастамалары белсенді. Бұған жергілікті бизнес топтарының активтері мен отбасыларының Ұлыбританияда немесе Лондон ықпалындағы Швейцария мен БАӘ-де шоғырлануы да әсер етуде.

Қазақстанның геосаяси бағыттағы еркін әрекет ету мүмкіндігі шегіне жетіп келеді. Бұған жаһандық ауқымдағы әрбір бастаманың өзінің мүддесіне қажет ресурстарды кең көлемде тартуға ұмтылуы себеп. Ал мұндай ресурстар өздігінен пайда болмайтыны анық. Осы үдеріс аясында бір-бірімен бәсекелес жүйелер арасындағы текетірес те барған сайын ушығып барады. Қазіргі әлемдік тәртіптің заңдылығы мынадай: егер елдің өз болашағын айқындайтын дербес стратегиялық жобасы болмаса, оны бөгде бір жүйенің ықпал алаңы еріксіз өзіне тартып әкетеді.

Қазіргі таңда көзге анық көрініп тұрған жобалардың бірі — Ніл мен Ефрат аралығын қамтитын Ұлы Израиль тұжырымдамасындағы «Сүлеймен жоспары». Қытай болса, «Адамзаттың ортақ тағдыр қауымдастығы» атты бастамасын алға тартып отыр, бұл идеяны іске асырудың негізгі құралы ретінде «Бір белдеу — бір жол» жобасы қарастырылады.

Ал бір кездері бірыңғай ұстанымдағы Батысқа келсек, бүгінде оның ішкі бағыт-бағдары нақты емес. Мысалы, Еуропада бір мезгілде ұлттық мемлекеттерді қолдайтындар да, Еуроодақ кеңістігінде брюссельдік бюрократияның үстемдігін сақтап қалғысы келетіндер де, тіпті Еуропа құрлығын АҚШ-тың сенімді вассалы ретінде көретін күштер де белсенді әрекет етуде.

Кейбір көзқарастарға сүйенсек, «Ұлы Еуропа» құру жөнінде жоспар бар сияқты. Алайда бұл бастама әзірге жемқорлық, екіжүзділік пен моральдық күйзеліс сынды ішкі қайшылықтарға тап болып, толық қалыптаса алмай келеді.

АҚШ-та да билік тізгінін кімнің нақты ұстайтыны әзірге анық емес: бір жағынан – трансгуманизмді, ЛГБТ күн тәртібі мен түрлі әлеуметтік ауытқуларды алға тартқандар, екінші жағынан – «Американы қайта ұлы державаға айналдырамыз» деген ұранды ұстанатын технократ бағыттағы топтар.

Жеке бағыт ретінде жаңа Халифат жобасы да дамып келеді. Бастапқыда бұл бастамада көшбасшылықты Түркия қолына алғандай болған, алайда соңғы уақытта Сауд Арабиясының белсенділігі айқын артып отыр.

Негізінде, өз алдына дербес жаһандық жоба ұсынуы тиіс ел — Ресей. Алайда қазіргі таңда бұл ел ішкі қайшылықтарға тап болып отыр: бір жағынан — еуропашыл бағытты ұстанатын, сыртқы капиталға тәуелді элиталар, екінші жағынан — Қытайдың өндірістік және сауда әлеуеті тартып тұрған экономикалық ықпал аймағы.

Үндістанның да белгілі бір стратегиялық жоспары бары анық, дегенмен ол әзірге өз өңірлік кеңістігімен шектелуде. Қазақстанға ол тікелей әсер ете қоймағанымен, жанама ықпал – шағын серпіліс немесе сыртқы толқын түрінде байқалып отыр.

Ресей Федерациясына қатысты назар аударатын жайт — еуропалық элиталар ресейлік әріптестерін ешқашан тең дәрежелі серіктес ретінде мойындаған емес және оларды бірнеше мәрте ашық түрде кері итергені де белгілі. Алайда қазіргі таңда Ресейді бөлшектеуге Батыстың нақты әлеуеті жете қоймаған. Соған қарамастан, Кремль ішіндегі кейбір топтар Еуропамен қандай жағдай болса да келісімге келуге үміт артып отыр.

Ресей өзінің дербес геосаяси жобасын ұсынбағанымен, оның ресурстары бос жатқан жоқ — олар өзге ойыншылардың бастамаларына бейресми түрде тартылып жатыр. Шығыс Еуропада төртінші жылға созылған соғыс — Ресейдің бастамасы емес. Дегенмен, Кремль бұл үдерісте қатысушы тарап ретінде әрекет етіп, белгілі бір пайда көздеуде. Алайда бұл талпыныстар әзірге нақты нәтижесін берген жоқ.

Мәскеу тарапынан Астананың сыртқы саясаттағы тұрақсыз ұстанымына қатысты сын-пікірлер мезгіл-мезгіл айтылып келеді. Алайда мұндай риторика, қисынсыз көрінеді. Өйткені Кремльдің өз ішіндегі саяси тұтастықтың әлсіздігі мен жаһандық стратегиялық жоба әзірлеуден бас тартуы Қазақстанның солтүстігінде белгісіздік пен тұрақсыздық аймағын қалыптастырып отыр. Бұл жағдай Ақорда үшін нақты геосаяси таңдау жасауды одан әрі қиындата түсуде.

Қорытындылай келе, егер Мәскеу Астанадан нақты ұстаным күтетін болса, алдымен өзі айқын әрі түсінікті позицияны қалыптастырып, оны Қазақстан тарапына жеткізуі тиіс. Содан кейін ғана жауап талап етуге негіз болмақ. Өз жағынан нақты көзқарасы жоқ кезде геосаяси салмақта жеңіл әріптестен анықтық күту — қисынға келмейтін талап.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Құқықтық статистика мен қылмыстық ахуалға шолу

Sputnik Kazakhstan хабарлайды: 2026 жылы қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесі 126 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, олардың 110-ы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға тиесілі», – делінген хабарламада.

Үлескерлерді қорғайтын цифрлық серпіліс

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды: “Құрылыс нарығындағы ашықтықты арттыру, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі тетіктерді жою, сондай-ақ адал құрылыс компаниялары мен қаржы институттарын ынталандыруға арналған құқықтық негіз қалыптастыру мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.

Қазақстанның дербес бітімгершілік әлеуетінің нығаюы

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Голан биіктіктеріндегі БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері (БҰҰББК) миссиясының ауданына инспекциялық сапармен барды. Сапарға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жетекшілік етті.

Сөз бостандығы және жауапкершілік: Конституция төңірегіндегі дау

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте жалған ақпарат пен дезинформацияға қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиынның басты тақырыбы жаңа Конституцияның жарияланған жобасына қатысты болды. «Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік өкілдеріне бұл бағыттағы жұмысты жандандыру міндеті жүктелді. Ішкі істер министрлігіне жалған мәлімет таратқаны үшін қатаң құқықтық шаралар қолдану және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды. Ал бұл жұмыстарды үйлестіру Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сеніп тапсырылды», — делінген хабарламада.