Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті Құрылтай туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Парламенті Құрылтай туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

|

|

Астана. 8 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары жұма күні өткен бірлескен отырыста «Құрылтай (бір палаталы парламент) және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

«Конституциялық заң жобасы жаңа Конституциямыздың нормаларын іске асыру мақсатында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты — бір палаталы Құрылтайдың конституциялық-құқықтық негіздерін бекіту», — деді отырыста Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.

Заң жобасына сәйкес, Құрылтай 145 депутаттан тұрады, олардың өкілеттік мерзімі — 5 жыл.

«Әлемнің көптеген елдерінде бір палаталы парламентке көшу заң шығару процесінің ашықтығы мен саяси жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Бір палаталы парламент жүйесі институционалдық инерцияны азайтады, өйткені заң жобалары бір жерде қаралып, қабылданады, ал қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік палаталар арасында шашырамайды», — деп атап өтті Сарым.

Ол бұл қадам саяси процесті қоғам үшін түсінікті ететінін және Құрылтайдың дербес әрі партиялық жауапкершілігін күшейтетінін қадап айтты.

Заң жобасында Құрылтайдың құзыреті белгіленген, оған заңдар қабылдау және парламенттік бақылау тетіктерін жүзеге асыру жатады. Құрылтай қызметінің ұйымдастырушылық нысандары (сессиялар, отырыстар, тыңдаулар, үкімет сағаттары), оның органдарының құрылымы (төраға, бюро, комитеттер, комиссиялар), сондай-ақ заң шығару процесін жүзеге асыру тәртібі реттеледі.

Құжат, сонымен қатар, Құрылтайдың Үкіметпен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, депутаттардың мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде депутаттық бірлестіктерді, парламенттік көпшілік пен оппозицияны құру мәселелерін, сондай-ақ депутаттық әдеп қағидаларын бекітеді.

Заң жобасы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Сонымен бірге, 1995 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң өз күшін жояды, — деп атап өтті Сарым.

Заң жобасы 15 наурызда өткен референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енетін Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру аясында әзірленген.

Осы жылдың сәуір айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа бір палаталы парламентіне сайлау тамыз айында өтетінін хабарлаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.