Евразия24Еуразия патриоттарыТәжік-ауған шиеленісі

Тәжік-ауған шиеленісі

|

|

Мәскеу Times басылымының хабарлауынша: «Тәжікстан Ауғанстанмен шекарада бірлескен күзет жүргізу үшін ҰҚШҰ мен Ресей әскерін тарту мүмкіндігін талқылап жатыр. 2023 жылдың қараша айының соңында болған атыстардан кейін Тәжікстан Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен (ОДКБ) және Ресеймен бірлескен патрульдеу мәселесін қарастырған. The Moscow Times басылымының хабарлауынша, Тәжікстан Ауғанстанмен шекарада Ресей әскери күштерінің қатысуымен бірлескен күзет ұйымдастыру мүмкіндігін ҰҚШҰ-мен бірге талқылауда. Бұл қадам Тәжікстанның шекарадағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Өткен аптада Ауғанстан жағынан болған атыстың салдарынан бес Қытай азаматы қаза тауып, тағы бесеуі жараланғаны хабарланған. 1 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон республиканың күштік құрылымдары басшыларымен жұмыс кеңесін өткізіп, Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекарадағы жағдай мен оны күзетуді күшейту шараларын талқылады. Reuters агенттігіне сұхбат берген Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесіндегі дереккөздің айтуынша, ҰҚШҰ күштерін тарту туралы нақты шешім әлі қабылданбаған және ол қазіргі таңда қаралу үстінде. Оның мәлімдеуінше, Тәжікстанда орналасқан Ресейдің ең ірі шетелдік құрлық әскер тобы саналатын 201-әскери базасын бірлескен күзетке тарту жөнінде ресейлік тараппен келіссөздер жүргізілуде. «Біз әзірге ҰҚШҰ-мен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, мәселе әзірге талқылау деңгейінде», – деді дереккөз».

 

Евразия24 пікірі:

Тәжікстан бұған дейін де ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұраған болатын – 2021 жылдың жазында Ауғанстанмен арадағы шекаралық түйткілдерге байланысты осындай өтініш түскен еді. Алайда қазіргі жолданым нақты оқиғаларға – тәжік-ауған шекарасындағы шабуылдар мен адам шығынына байланысты жасалып отыр. Дегенмен, ҰҚШҰ Жарғысына сәйкес, ұйым әскерінің бірлескен қорғанысқа қатысуы үшін барлық мүше елдердің қатысуымен келіссөздер өткізіліп, шешім қабылдануы тиіс. Яғни, кез келген жағдайда шешімді ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдайды, ал мүше елдің сұранысы ұйымның автоматты түрде операцияға араласуына кепілдік бермейді. Бұған дейін де ұйым саяси тәуекелі жоғары кей жағдайларда әскери араласудан бас тартқан болатын. Тіпті оң шешім қабылданған күннің өзінде көмек әртүрлі формада көрсетілуі мүмкін: шекара күзетін күшейту, барлау мен кеңес беру, бірлескен патруль жүргізу немесе әскери күш енгізу секілді жолдар қарастырылуы ықтимал.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ-тың көздегені тек Иран ба?

 Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Йемендегі қақтығыс тараптары арасындағы әскери іс-қимылдардың күшеюі себеп болып отыр. Әсіресе Сауд Арабиясының отын инфрақұрылымына жасалған соққылардың салдары ауыр. Алайда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ президенті Дональд Трамптан әскери қолдау сұрағанда, Вашингтон бұл өтінішті қабылдамады. Иранмен қақтығыста жеңіліске ұшыраған АҚШ пен Израиль енді Таяу Шығыстағы ірі ойыншыларды бір-біріне қарсы қойып, өңірлік қақтығыс туғызуға тырысып отыр. Бір жағында – Иран, екінші жағында – Парсы шығанағындағы араб монархиялары. Бұған қоса, жақында жасалған әскери келісімге байланысты Түркия мен Пәкістан да соғысқа араласады деген үміт бар.

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.