Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарЕңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы көрсеткіштер

Еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы көрсеткіштер

|

|

АҚОРДА хабарлайды: Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Президент әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндаманы тыңдады. Светлана Жақыпова халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы баяндады. Бүгінгі таңда 2029 жылға дейінгі халықты жұмыспен қамту жоспарының 83 пайызы орындалды. Соңғы бес жыл ішінде 2,7 миллион адам жұмысқа орналастырылған. Өңірлік жұмыспен қамту карталары мен сапалы жұмыс орындарын құруға қатысты жыл сайынғы негізгі көрсеткіштер (KPI) жүзеге асырылуда. Министрдің мәліметінше, биылғы он ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30 пайызға қысқарды. Бұл көрсеткіш әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекті 285,1 мың адам алып отыр, жалпы төлем көлемі – 27,1 млрд теңге. Сонымен қатар, өндірістік жарақат алу көрсеткіші 6,5 пайызға, ал қайтыс болу жағдайлары 4,5 пайызға төмендегені хабарланды. Баяндамада әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 522 мыңнан астам азаматтың қызмет алғаны, сондай-ақ 27 мың адамның инватакси қызметін пайдаланғаны атап өтілді.

 

Евразия24 пікірі:

Мүмкін, министрдің баяндамасы қоғамдық кеңістікке қысқартылған түрде ұсынылған болар. Дегенмен, жалпы алғанда, халықты жұмыспен қамтуға қатысты келтірілген мәліметтердің нақты халық кірісінің деңгейімен салыстырылуы орынды болар еді. Себебі халық табысы төмендеп жатқаны жайлы біз бұған дейін бірнеше рет жазғанбыз . Сондай-ақ, соңғы бес жыл ішінде 2,7 миллион адамның жұмыспен қамтылғаны жөнінде хабарланғанымен, бұл көрсеткіш қандай жұмыс орындарын қамтитыны нақты көрсетілмеген. Бұл — тұрақты ма, әлде уақытша жұмыс па? Мұндай бөлініс еңбек нарығының шынайы жағдайын түсіну үшін аса маңызды. Әлеуметтік көмектің тиімділігін тек жәрдем алушылардың санының қысқаруымен бағалау жеткіліксіз. Бұл тұрғыда нақты мұқтаж жандарға көрсетілген шынайы қолдау туралы мәліметтерге назар аудару қажет. Жалпы алғанда, бұл жаңалық министрдің президентке тек сандық көрсеткіштер бойынша есеп бергенін, ал халықтың нақты табысы, жұмыспен қамтудың тұрақтылығы, еңбек қауіпсіздігі мен сатып алу қабілеті секілді сапалық көрсеткіштердің ашық баяндалмағанын аңғартады.

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мемлекет басшысы Олимпиада және Паралимпиада туын ұлттық құраманың спортшыларына табыстады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада және XIV қысқы Паралимпиада ойындарының алдында еліміздің ұлттық құрамасының ту ұстаушыларына Мемлекеттік туды салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

АӨК-ке көрсетілген мемлекеттік қолдау аудиті 300 млрд теңгеге жуық заңбұзушылықтарды анықтады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға қатысты 2023–2024 жылдарға арналған аудит қорытындысы 300 млрд теңге көлемінде заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Гренландиядағы әскери оқу-жаттығулар 2026 жыл бойы жалғасады

Гренландия аумағында өткізіліп жатқан Arctic Endurance атты әскери оқу-жаттығулар 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Бұл туралы жұма күні Дания Қарулы күштері ресми хабарлама таратты.

АҚШ-тың OFAC басқармасы NIS компаниясына операциялық қызметін жалғастыруға рұқсат мерзімін 20 ақпанға дейін ұзартты

АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Сербияның NIS мұнай-газ компаниясына операциялық қызметін жалғастыруға рұқсат беретін лицензияның мерзімін 20 ақпанға дейін ұзартты, деп хабарлайды сербиялық RTS ақпараттық порталы.