Евразия24Басты бетЕуропадағы дағдарысқа Болон білім беру жүйесі себеп болды

Еуропадағы дағдарысқа Болон білім беру жүйесі себеп болды

|

|

Сарапшылар Еуропада Жозеп Боррель немесе Кая Каллас тәрізді, шынайы саяси ахуалдан жүйелі түрде алшақ тұрған тұлғалардың қалайша алдыңғы қатарға шыққанын талдағанда, бұл құбылысты түрлі себептермен түсіндіруге тырысады. Кейбірі мемлекеттер мен халықаралық құрылымдардың басына дербес шешім қабылдайтын саясаткерлер емес, тек тапсырманы орындаушы тұлғаларды әкелетін трансұлттық корпорациялар мен қаржы элитасының ықпалын негізгі фактор деп санайды. Басқалары Еуропада ондаған жыл бойы қалыптасқан өмір салты басқарушы таптың саяси сергектігін әлсіретті деп есептейді. Алайда біз құлдыраудың түпкі себебін Болон жүйесіне негізделген білім беру моделінен көреміз. Бұл жүйенің өз логикасы мен құрылымы еуропалық саяси элитаның бүгінгі деңгейінен өзгеше нәтиже беруіне бастапқыда-ақ мүмкіндік қалдырмаған еді.

Болон жүйесі – Еуропа елдеріндегі жоғары білім беру саласын біріздендіруге, түрлі мемлекеттердің біліктілік талаптары мен білім беру жүйелерінің өзара сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы еуропалық модель. Аталған жүйе ресми түрде 1999 жылғы 19 маусымда іске қосылды.

Жобаның бастапқы тұжырымы айқын болатын. Қалың көпшілікке жоғары білімнің көпсатылы үлгісі енгізілді: бакалавриат (3–4 жыл), магистратура (1–2 жыл) және докторантура (3 жыл). Бұл жүйе қағаз жүзінде жоғары білім алуға мүмкіндік берсе, ал шынайы, терең академиялық даярлық негізінен жоғарғы тап өкілдері үшін сақталып қалды.

Жоғары тап өкілдері қарапайым халыққа қарағанда жоғары білім деңгейіне ие болады, бірақ бұл айырмашылық негізінен жалпы білім беру деңгейінде байқалады. Болон үдерісі үстемдік еткен екі ұрпақ аралығында еуропалықтар білім берудің мәнін жоғалта бастады. Бұл әсіресе тарих, саясаттану, география және әскери бағыттарда айқын көрінеді. Дегенмен, жалпы жағдай барлық салада бірдей деуге болады.

Әлеуметтік тосқауылдарға қарамастан, адамзат қоғамы — өзара байланысты біртұтас жүйе болып табылады, сондықтан элита мен халық арасында тығыз байланыс пен өзара ықпал ету үнемі жүреді. Болон жүйесінің авторлары өз дәуірінен қалған білім қорымен сахнадан кеткен соң, олардың орнына мүлде басқа ұстанымдағы тұлғалар келді. Институционалдық деңгейде өзгерістер байқалмағанымен, кадрлық құрам тұрғысынан жағдай күрделі күйде қалып отыр.

Анналена Бербок тәрізді саясаткерлерді білімсіз деу қиын, алайда олардың жеткілікті деңгейде академиялық дайындықтан өтпегені — дау тудырмайтын жайт. Олар үшін міндетті деп саналатын білім негізінің болмауы салдарынан деректер мен құбылыстар арасындағы байланыстарды орнату қабілеті төмен. Сондай-ақ оларда рефлексия дағдысы (адамның өз ойы, сезімі мен әрекеттерін ұғынып, оларды талдау қабілеті) қалыптаспаған.

Болон жүйесі ойлау мен іс-әрекеттен гөрі коммуникацияны басымдыққа қоятын қағидатқа негізделген. Осыған байланысты еуропалық саясаткерлер келіссөз жүргізуге қабілетті болғанымен, бұл үдеріс нақты нәтижеге немесе жалпыға ортақ мағынадағы шешімге жеткізбейді.

Болон жүйесі тұтастық жөнінде, әсіресе ғылыми тұрғыдан алғанда, толыққанды түсінік қалыптастырмайды. Соның салдарынан Еуропалық одақтың және оған мүше мемлекеттердің қызметкерлері болып жатқан үдерістердің негізгі және маңызды элементтерін кешенді түрде бағалай алмайды.

Украина төңірегіндегі келіссөздер, Қытаймен сауда даулары, Ресейдің мемлекеттік бұғатталған активтерімен байланысты көпқырлы ахуал, энергия ресурстары саласындағы жағдай, «көміртек салығын» ілгерілету әрекеттері, сондай-ақ автокөлік жасау мен электроника салаларындағы жіберіп алған технологиялық революция секілді мәселелерге қарап, еуропалық саясаткерлерде жүйелі ойлау қабілеті жоқ деген әсер қалыптасады. Жүйесіз жүргізілетін саяси қызмет нақты практикалық нәтижелерге әкелмейді, қазіргі жағдай соған дәлел.

Еуропалық басқарушы элитаның дағдарысы қалай шешілетіні әзірге белгісіз. Себебі Франция немесе Германиядағы сәтсіздікке ұшыраған саяси топтардың орнына өзге саяси лагерь өкілдері келген күннің өзінде, олардың да білім беру деңгейі мен негізі сол қалпында қалуы мүмкін.

Айта кету керек, АҚШ Болон жүйесіне қатысушы елдердің қатарына жатпайды. Ақ үй мен Біріккен Еуропа арасындағы елеулі көзқарас алшақтығының бір себебі осы болуы мүмкін. Америкалық жас буын саясаткерлері еуропалық әріптестерін түсіне бермейді, өйткені олар мүлде өзге когнитивтік кеңістікте қалыптасқан.

Қазақстан да Болон жүйесінен зардап шеккен мемлекеттің бірі. Дегенмен, кеңестік білім беру жүйесі ыдыраған кезеңде еліміз жалпы орта білім беретін мектептің бір буынын ішінара сақтап қалуға мүмкіндік алған болатын. Алайда білім беру саласындағы ахуалды оңалтуға бағытталған кешенді әрі жедел шараларды күні кеше ғана емес, ертерек қабылдау қажет еді. Қазіргі таңда білім беру жүйесі өзінің негізгі функцияларын толық орындай алмайтындай дәрежеде дағдарысқа ұшырағанын және деградация үдерісінің тереңдігін мемлекет тарапынан жете түсіну байқалмайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Qarmet өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын жұмсады

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын инвестициялады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда мәслихат сайлауына 10,9 мыңнан астам кандидат тіркелді

Қазақстанда 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну және тіркеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Qarmet жылына 540 мың тонна өнім шығаратын жаңа прокат цехын 2026 жылдың соңына дейін іске қоспақ

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты жылына 540 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы жаңа сұрыптық прокат цехын биылғы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аджманда алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды, Рас-әл-Хаймада шектеулер әлі күшінде

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман әмірлігінде су сапасы тексерілгеннен кейін алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды. Ал Рас-әл-Хаймада жағажайлар әзірге жабық. Бұл туралы дүйсенбі күні Ресей туризм индустриясы одағы (РТӨ) хабарлады.