Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан 2025 жылы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджетке 336 млрд теңге көлемінде...

Қазақстан 2025 жылы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджетке 336 млрд теңге көлемінде кіріс түсіре алмады

|

|

Астана. 21 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — 2025 жылы Қазақстанның республикалық бюджетінің кіріс жоспары 98,6 пайызға орындалды. Алайда салық түсімдері жоспары 336 млрд теңгеге орындалмай қалды. Бұған, соның ішінде, негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі әсер еткен. Бұл туралы Даурен Темірбеков мәлімдеді.

«Республикалық бюджет кірістерінің жылдық жоспары 98,6 пайызға орындалды. Жоспарланған 21,4 трлн теңгенің орнына бюджетке 21,1 трлн теңге түсті. Оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттерді есептемегендегі меншікті кірістері 15,3 трлн теңгені немесе жоспардың 97,9 пайызын құрады», – деді Темірбеков бейсенбі күні Мәжілісте 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің таныстырылымында.

Оның айтуынша, салық түсімдерінің жоспардан төмен болуы салдарынан бюджет 336 млрд теңге көлемінде кіріс ала алмаған. Салықтар бойынша жоспар 730 млрд теңгеге орындалмаса, салықтық емес түсімдер жоспары керісінше 388 млрд теңгеге артығымен орындалған.

Вице-министрдің сөзінше, салықтардың төмен түсуі негізінен корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығына қатысты болған.

«Жоспардың орындалмауына бірнеше фактор әсер етті: 2025 жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда мұнай бағасының 6 долларға төмендеуі; үш елмен экспорт көлемінің 2,4 пайызға немесе 1,7 млрд долларға қысқаруы; қорғасын бағасының 5,3 пайызға арзандауы; сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер көлемінің 2024 жылмен салыстырғанда 204 млрд теңгеге немесе 17 пайызға өсуі», – деп түсіндірді Даурен Темірбеков.

Ол осы факторлар мен геосаяси жағдайдың әсерінен 134 ірі кәсіпорын бойынша республикалық бюджетке түсетін салық көлемі 709,3 млрд теңгеге немесе 36 пайызға азайғанын айтты.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палата мүшесі Юлия Энгель салық түсімдері жоспарының орындалмауына «шамадан тыс оптимистік болжам» себеп болғанын мәлімдеді.

«Кірістерді болжау кезеңінде біз табыстарды болжау әдістемесінде қарастырылмаған қосымша түсімдер мен жоғары көрсеткіштердің қолданылғанын атап өткен едік», – деді Энгель.

21 мамырдағы ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары 471,77 теңгені құрайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан бойынша макроэкономикалық болжамдар: ХВҚ мен ЕАБР-дың ортақ сын-қатерлері

Бұл жағдай кездейсоқтық емес, екі ірі даму институтының — ХВҚ мен ЕАБР-дың Қазақстанның 2026 жылға арналған негізгі драйверлері мен тәуекелдерін бағалаудағы ортақ ұстанымын көрсетеді.

Сабыр түбі – сары алтын

Зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдаланылатын жеткіліктілік шектерін арттырғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында бірқатар ұқсас мазмұндағы жарияланымдар жарық көрді.

Инвестициялық айналым: тәуекел мен тұрақтылық таразысы

Ақпараттық кеңістікте балаларға арналған мұнай кірістерін қосымша табыс әкелетін құралдарға орналастыру жөніндегі кезекті бастама талқылануда. Оның үстіне автор келтірген дәлелдерді популистік деп айту қиын.

Ормуз бұғазы төңірегіндегі ахуал және мұнай нарығы

АҚШ пен Израильдің Иранға және «Хезболлаға» қарсы соғысы салдарынан әлемдік экономика мұнай дағдарысы жағдайында қалып отыр. Дегенмен нарық 19 маусымда Вашингтон мен Тегеран бейбіт мәмілеге келеді, ал Тель-Авив оған бөгет жасамайды деп есептейді. Себебі бұл оптимистік көзқарастан бас тарту — нарықты тығырыққа тіреумен тең. Өйткені отынның жетіспеушілігі мен оның мүлдем жоқ болуы — салыстыруға келмейтін, екі бөлек жағдай. АҚШ пен Израильдің агрессиясына жауап ретінде Тегеранның Ормуз бұғазын жауып тастауы әлем тарихында бұрын-соңды болмаған жағдайға айналды. Халықаралық қауымдастық алғашында бұл қадамнан абдырап қалғанымен, кейіннен тығырықтан шығу жолдарын іздестіре бастады.