Евразия24Басты бет«Набиуллина депозиті» үшін Америка мен Еуропа  текетіресі

«Набиуллина депозиті» үшін Америка мен Еуропа  текетіресі

|

|

Батыста бұғатталған әрі заңсыз иемденілген Ресейдің шамамен 350 млрд АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік активтері төңірегіндегі тартыс қайта күшейді. Алайда бұл жолы қарсы тараптар Кремль мен ұжымдық Батыс емес, неоглобалистік және трампшыл саяси күштер болып отыр. Еуропа елдері бұрын Ресей Федерациясына тиесілі болған миллиардтаған қаражатты соғыс қимылдары аясында өзіне қарсы пайдалануды көздейді. Ал АҚШ аталған соманы Украинаны қалпына келтіруге бағыттауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Вашингтонның Еуроодақтағы одақтастары мұндай ауқымды қаржының еуроодақтық бюрократияның қажетіне жұмсалуына қарсы.

Еуропаға бұл қаражаттың қажет екені түсінікті, алайда Вашингтон үшін оның маңызы одан да жоғары. Осы тұрғыда еуропалық неоглобалистер мен трампшыл күштер арасындағы қаржылық текетірестің негізгі түйіні Бельгияға келіп тіреліп отыр. Аталған елде орналасқан Euroclear депозитарийінде (Бельгияда тіркелген, қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық компания) бұрын Ресейдің мемлекеттік активтеріне тиесілі болған 185 млрд еуро шоғырланған. Бұл — Батыста бұғатталған ресейлік активтердің ең ірі бөлігі.

Еуроодақ құрылымы ретінде Брюссель Бельгия билігінен бұл қаражатты Украинаны қолдауға арналған «репарациялық» кредиттерге бағыттауды талап етіп отыр. Алайда Бельгияның премьер-министрі Барт де Вевер аталған миллиардтарға қатысты ұстанымынан бас тартпай, оларды беруге қатаң түрде қарсы екенін білдірді.

Бельгия билігі бұл қаражатқа қатысты жауапкершілік халықаралық құқық нормаларына сәйкес тікелей Бельгия үкіметіне жүктелетінін орынды түрде алға тартып отыр. Бұдан бөлек, 1989 жылы Бельгия мен КСРО арасында жасалған келісім бар, онда мұндай мәселелер егжей-тегжейлі реттелген. Ресей Федерациясы Кеңес Одағының құқықтық мұрагері болғандықтан, аталған келісімнің нормалары әлі де қолданыста. Осыған байланысты Бельгия билігі Еуроодақтан екі нұсқаның бірін талап етуде: не бұл қаражатқа қатысты жауапкершілікті одаққа мүше барлық елдердің ортақ міндеттемесі ретінде мойындап, оны ұлттық заңнамалар арқылы бекіту керек, не қаржылық тұрғыдан күмәнді талаптардан бас тарту керек.

Бельгияның бұл мәселеде айқын прагматикалық мүддесі де бар. Бұғатталған активтерден Брюссель жыл сайын шамамен 1,5 млрд еуро көлемінде салықтар мен өзге де төлемдер түрінде кіріс алып отыр, бұл қаражат елдің қорғаныс саласына бағытталады. Құқықтық тұрғыдан мұндай табыстан бас тартуды міндеттейтін талаптар жоқ жағдайда, мұндай қаржылық көзден өз еркімен айырылуға ешбір мемлекет мүдделі емес.

Алайда бұл мәселеде Бельгия жалғыз қалып отырған жоқ. «Набиуллинаның депозиті» деп аталып кеткен (бұғатталған ресейлік мемлекеттік активтерге қатысты қалыптасқан атау) қаражатқа нақты мүдде танытып отырған трампшыл саяси күштер Барт де Вевердің ұстанымына түрлі деңгейде қолдау көрсетіп келеді. Еуроодақтың өз ішінде де Бельгияның бұл ұстанымын қолдайтын елдер бар. Атап айтқанда, Италия, Венгрия, Чехия, Словакия, Болгария және Мальта Брюссельдің (Бельгияның) позициясын жақтап отыр.

АҚШ көптеген халықаралық ұйымдарда шешуші ықпалға ие болғандықтан, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Еуроодақты «Набиуллина депозитіндегі» қаражатқа қатысты талаптардан бас тартуға шақырып, Бельгия үкіметінің ұстанымын қолдап отыр.

Еуроодақтың өз ішінде, нақты айтқанда еуробюрократия мен бірқатар ұлттық мемлекеттер арасындағы жіктелу оның ұстанымын айтарлықтай әлсіретіп отыр. Соңғы отыз жыл ішінде Еуропаның әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 25 пайыздан 14 пайызға дейін төмендеді, соның салдарынан халықаралық аренадағы ықпалы да едәуір кеміді. Ал бұған қоса, Вашингтон тарапынан күшейген қысым жағдайында ішкі алауыздықтардың ушығуы Еуроодақтың жағдайын одан әрі күрделендіре түсуде.

Еуроодақ Бельгияға қатысты бұл мәселеден бас тарта алмай отыр, өйткені Шығыс Еуропадағы соғысқа қажетті қаржы ресурстары жеткіліксіз. Еуропа елдері Украинаны қолдауға «Набиуллина депозитінен» әлдеқайда көп қаражат жұмсап қойған. Егер Киев жеңіліске ұшыраса, бұл орасан шығындар залал ретінде есептен шығарылуға тиіс болады және оның саяси жауапкершілігін біреулердің мойнына алуына тура келеді.

Жалпы алғанда, Еуроодақ бұл қаражатты жеңіліске ұшырамау үшін талап етіп отыр, өйткені біріккен Еуропа Ресей–Украина соғысын Мәскеумен арадағы өз қақтығысы ретінде қабылдайды. Ал Бельгия, керісінше, бұл қаржыны беруден бас тартып отыр. Мұның себебі де түсінікті: Киевтің жеңілу ықтималдығы жоғарылаған жағдайда, жеңіске жеткен тараптың алдында жауап беруге тура келеді. Оның ішінде материалдық жауапкершілік те бар.

Еуропалық орталық банк те (ЕОБ) Украинаны қолдауға арналған 140 млрд еуро көлеміндегі «репарациялық кредит» мәселесінде жалпыеуропалық бюрократияның бастамасын қолдамай отыр. Ресми түрде бұл ұстаным Еуроодақтың құрылтай шарттарындағы қайшылықтарға негізделген. Алайда іс жүзінде мұндай сақтықтың басты себебі – Украинаның жеңіске жететініне деген сенімнің болмауы. Өйткені аталған «репарациялық кредитті» өтеу Кремль бұл міндеттемені мойындаған жағдайда ғана жүзеге асады деп қарастырылған. Ал қазіргі таңда мұндай сценарийдің іске асуын меңзейтін қандай да бір белгілер байқалмай отыр.

Қазіргі жағдайдың бәрі «Набиуллина депозитінен» негізгі пайда көретін тарап ретінде АҚШ алға шығатынын көрсетіп отыр. Қазақстан ықтимал қаржылық және саяси тәуекелдерді төмендету үшін «серіктестердің» іс-қимылдарын үнемі бақылап отыруы қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Токио Астананы халықаралық тәртіпті сақтаудағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырады

Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаити Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деген сенім білдірді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Парламенті геологиялық ақпаратты цифрландыруды көздейтін түзетулерді қабылдады

Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста екі оқылымда қарап, «Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Қазақстан Парламенті құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы заңды қабылдады

Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен пленарлық отырыста «Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Бельгия ЕО ұсынған кепілдіктерді жеткіліксіз деп санайды

Бельгия Украинаға «репарациялық несие» беру үшін Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану жағдайында ұсынылған кепілдіктерді жеткіліксіз деп есептейді.