Осы күндері жиі айтылып жүрген «қуатты Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидасы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Алайда бұл жүйенің пәрменділігі тек заңда жазылған өкілеттіктердің ауқымымен өлшенбейді. Басты мәселе — қабылданған стратегиялық шешімдердің нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижеге айналуы және оның тиісті деңгейде институционалдық бағасын алуы. Яғни, шешім қабылдаудан бастап, оның жемісіне дейінгі жауапкершілік тізбегінің үзілмеуі маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі басқару моделінде мұндай тұтас жауапкершілік жүйе әлі де толыққанды жолға қойылмаған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысы туралы есебін тыңдады.
Қазақстанның сот жүйесіне абсолюттік сенім деңгейі 2023 жылғы 55,2%-дан қазіргі таңда 63,2%-ға дейін артты. Бұл туралы статистикалық деректерге сілтеме жасап, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев мәлімдеді.
Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.