Евразия24ЖаңалықтарПортугалияда дауылдан кейін шамамен 450 мың үй жарықсыз қалды

Португалияда дауылдан кейін шамамен 450 мың үй жарықсыз қалды

|

|

Мадрид. 29 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Португалияда «Кристин» дауылының салдарынан шамамен 450 мың үй шаруашылығы электр энергиясынсыз отыр. Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Ең қатты зардап шеккен аймақ – елдің орталық бөлігіндегі Лейрия округі. Мұнда қатты жел салдарынан электр беру желілерінің бір бөлігі құлаған.

Бұған дейін бейсенбі күні құтқару қызметінің мамандары дауыл салдарын жою бойынша ондаған операция жүргізген. Атап айтқанда, су тасқынының салдарын жою және тұрғын үйлердің шатырларына келтірілген зақымдарды қалпына келтіру жұмыстары атқарылған.

Қолайсыз ауа райы осы аптада бірқатар бағыттар бойынша пойыз қозғалысының тоқтауына, сондай-ақ көптеген мектептердің жабылуына әкеп соқты.

Нөсер жаңбырмен қатар жүрген дауыл сәрсенбіге қараған түні ел аумағына соғып, кемінде бес адамның қаза табуына себеп болды. Жел екпіні сағатына 178 шақырымға дейін жеткен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азық-түлік мол елде ауыл халқы неге ашығады?

Energyprom сарапшылары Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Зерттеу нәтижелерінде бір-біріне кереғар үрдістер байқалады. Бір жағынан, азық-түлікке қаражат жетпей қалуы мүмкін деп алаңдайтын азаматтардың үлесі азайған. Екінші жағынан, тамақтануға мүмкіндігі шектелген адамдар саны артып отыр. Олардың арасында күнделікті тамақтану санын азайтуға мәжбүр болғандар, тіпті кей күндері мүлде тамақ ішпей қалатындар да бар. Азық-түлік тапшылығы баға деңгейі жоғары қалаларда емес, ауылдық жерлерде көбірек байқалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігі өндірілетін елді мекендерде мұндай жағдайдың қалыптасуы ойландырмай қоймайды. Қазақстан халқының 36%-дан астамы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, мәселенің ауқымы да айтарлықтай.

Отбасылық қылмыс: Астанада екі әпкелі-сіңлілі жұбайларымен бірге притон ұйымдастырған

Алайда бұл төрт адамнан бөлек, сексуалдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және өзге де заңсыз әрекеттерге тағы 11 адам көмектескен.

МҚҰ нарығын қадағалаудың жаңа тәсілі енгізілмек

Қазақстанда микроқаржы нарығын реттеудің базалық жүйесі қалыптасты. 2020 жылдан бастап микроқаржы қызметін жүзеге асыратын барлық ұйым мемлекеттік реттеу мен қадағалауға алынды, ал 2021 жылдан бастап бұл қызмет түріне лицензия беру енгізілді.

Қазақстанда QR-төлемдер айналымы 8 трлн теңгеге жетті

Зерттеуде қолма-қол ақшасыз тұтынушылық төлемдердің үлесі бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші цифрлық экономикалардың деңгейіне жеткені атап өтілген. Ақшалай көлемі бойынша барлық транзакциялардың шамамен 80%-ы әлі де интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады.