Заң тұрғысынан алғанда, ұлттық соттың заңды күшіне енген шешімі мемлекетке Қашаған акционерлерінен экологиялық айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін атқарушылық іс жүргізуді бастауға құқық береді. Алайда бұл қаражаттың 20 шілдеде-ақ мемлекет қазынасына түсетінін білдірмейді.
Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімдер толық жасақталғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы қай партиялардың сайлау жарнасын төлейтінін жариялады.
Сот бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Атырау облысының тұрғыны Сұлтан Сарсемалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Таяу Шығыстағы қақтығыстың айтарлықтай ушығуы аясында әлемдік мұнай бағасы өсуін жалғастыруда. Сауда барысында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 87 доллардан асты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің Азаматтық қорғаныс және құтқару жұмыстары жөніндегі бас басқармасымен бірлесіп, Орталық Азияда табиғи апаттар қаупін азайту жүйесін нығайтуға бағытталған өңірлік жобаны іске қосты.
Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас дүйсенбі күні Брюссельде қорғаныс министрлері форматында өткен ЕО Сыртқы істер кеңесінің отырысында Украинаны қаржыландыру мәселелері талқыланғанын хабарлады.
АҚШ билігі Венесуэла мұнайымен қатар, елде өндірілетін алтынды да сатып алуды көздеген. Алайда алтынның шығу тегіне және оны өндіру кезінде заң талаптарының сақталуына қатысты мәселелер бұл жоспарды жүзеге асыруды қиындатты, деп хабарлайды The New York Times (NYT).
Ұлыбритания Әскери-әуе күштерінің базасына шабуыл ұйымдастыруы мүмкін деген күдікпен ұсталғандар Ұлыбритания азаматтары болып шықты. Бұл туралы дүйсенбі күні Sky News полицияның терроризмге қарсы күрес бөлімшесіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.