Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмыс тобының аралық нәтижелері жөнінде баяндады, деп хабарлады бейсенбі күні Президенттің баспасөз қызметі.
Пәкістан қауіпсіздік күштері Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясында жүргізілген екі мақсатты қауіпсіздік операциясы барысында кемінде 23 қарулы топ мүшесі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды бейсенбі күні Anadolu агенттігі.
2025 жылдың қазан айында Ресей Федерациясы Қытай Халық Республикасына 6,2 млн АҚШ долларына шошқа шаруашылығы өнімдерін экспорттады, бұл қыркүйек айымен (11 млн доллар) салыстырғанда екі есеге жуық төмен көрсеткіш. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік кеден басқармасының материалдарында айтылған.
Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто бейсенбі күні Украина үкіметіндегі жемқорлыққа қатысты мәліметтер шыққаннан кейін, Еуропалық одақ бұл елге қаржылық көмекті тоқтатуы тиіс екенін мәлімдеді.
Катар Премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман бен Жассем Әл Тани Таяу Шығыс өңірінде азық-түлік, сумен жабдықтау және энергетикаға қатысты инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға жол берілмейтінін мәлімдеді.
JPMorgan Chase & Co. бас директоры Джейми Даймон Ирандағы соғыс салдарынан мұнай мен басқа да шикізат бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне және пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуіне алып келуі мүмкін екенін ескертті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) төрағасы Жанат Элимановтың ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.