Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Астанада цифрлық технологиялар, халықаралық қаржы және білім беру салаларында әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы жұма күні Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Кевин Уорш жұма күні Ақ үйде АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) 17-төрағасы ретінде ант береді.
АҚШ Сенаты оның кандидатурасын мамыр айының ортасында мақұлдаған болатын.
2026 жылдың бірінші тоқсанында әлемдік сауда көлемі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 3,5%-ға артты. Мұндай өсім Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдар мен Ормуз бұғазының жабылуына қарамастан тіркелді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палатаның конституциялық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы қызметі туралы баяндады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туғызған жағдай туралы ақпаратқа байланысты ахуалды бақылап отыр. Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданды.
Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр7
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.