Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс спикері Қазақстан Президентіне конституциялық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы...

Мәжіліс спикері Қазақстан Президентіне конституциялық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады

|

|

Астана. 22 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палатаның конституциялық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы қызметі туралы баяндады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс спикерінің мәліметінше, Парламент жаңа Конституция нормаларын іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жеті конституциялық заңды сапалы әрі белгіленген мерзімде қабылдаған. Олардың қатарында «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Астананың мәртебесі туралы», «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңдар және басқа да құжаттар бар.

Жалпы, сессия басталғалы бері Мәжіліс 89 заң қабылдап, оларды Сенатқа жолдаған. Атап айтқанда, Құрылыс және Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект туралы, банктер және банк қызметі туралы, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік наградалар, ғылым, педагог мәртебесін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жеке сот орындаушыларының қызметі жөніндегі заңдар қабылданды.

Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 80 заң жобасы бар. Олардың қатарында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау, цифрландыру және жол қозғалысы қауіпсіздігі, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация нарығын дамыту, машина жасау саласын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, нотариат мәселелері бойынша заң жобалары қарастырылуда.

Қошанов сондай-ақ Мәжіліс ағымдағы сессия аяқталғанға дейін Жоғары аудиторлық палата төрағасының ғылымды дамытуға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы жөніндегі есебін, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін, сондай-ақ депутаттардың өңірлерге сапары қорытындысы бойынша сайлаушылардың өтініштерін қарау нәтижелері жөніндегі Үкімет ақпаратын тыңдауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар Президентке парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстардың қорытындылары, ТүркПА, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және басқа да парламентаралық ұйымдар шеңберіндегі қызмет туралы баяндалды.

Мәжіліс төрағасы заң шығару жұмысында Палата ашықтық пен сарапшылық қауымдастықпен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады – Қазақстан Премьер-министрі

Қазақстан Премьер-министрі, «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов қордың жаңа басшысы жақын арада тағайындалатынын хабарлады.

Еуропалық комиссия ЕО-ның санкциялар жөніндегі басқармасын құрып, олардың орындалуына жауапты жаңа арнайы өкілді тағайындады

Еуропалық комиссия (ЕК) сәрсенбі күні Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі басқармасы (EU Sanctions Office) құрылғанын және швед дипломаты Ларс Даниэльссонның ЕО санкцияларын іске асыру жөніндегі халықаралық арнайы өкіл болып тағайындалғанын хабарлады.

Сомали президенті БАӘ-ні ел аумағында рұқсатсыз әскери базалар салып, билікке қарсы күштерді қолдады деп айыптады

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) елдің ішкі істеріне араласып, орталық биліктің рұқсатынсыз әскери нысандар орналастырды деп айыптады.

Ресеймен жан-жақты стратегиялық әріптестік

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады, деп хабарлады сәрсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.