Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстан тағы несие алды

Қазақстан тағы несие алды

|

|

ҚазТАГ хабарлайды: «Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр», – деді Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев. Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі технологиялық стартаптарды құруға, оларды коммерцияландыруға және ауқымын кеңейтуге жәрдемдесу үшін 11 999,7 млн жапон иені, яғни 75 млн АҚШ долларына балама несие беруді мақұлдаған. «Жасанды интеллект саласындағы адами капиталды, кәсіпкерлікті және нарықтарды дамыту» (ALEM) жобасы Қазақстандағы болашағы зор компаниялардың ауқымын кеңейту үшін аса маңызды төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізу арқылы 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде. (…) Дүниежүзілік банктің нақтылауынша, Халықаралық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жобаны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Astana Hub және Alem Capital Management компанияларымен бірлесіп жүзеге асырады».

 

Еурзи24 пікірі:

Дүниежүзілік банктен тағы 75 млн доллар несие алынатыны ойландырмай қоймайды. Елдің қарызына қарыз қосылып жатыр, оның бәрін түгендеп отырудың өзі барған сайын қиындап барады. Әрине, Халықаралық валюта қорының өлшемі бойынша Қазақстанның қарыз деңгейі әзірге қалыпты. Бірақ қарыз көлемі тоқтаусыз ұлғайып келеді.

Мәселенің төркіні – сырттан алынған қаржының қаншалықты тиімді жұмсалатынында. Мұндай несиелер көбіне «институционалдық әлеуетті арттыру», «адами капиталды дамыту», «цифрландыру» секілді нәтижесін нақты бағалау қиын мақсаттарға тартылады. Ал кеңесшілерге төленетін ақы мен жобаны әкімшілендіруге кететін шығынның сомасы, керісінше, өте нақты.

Сипаттамасына қарасақ, 75 млн доллар қарыз есебінен қаржыландырылатын ALEM жобасының мақсаты – Қазақстанға жеке инвестиция тартуға көмектесу. Бірақ жеке капиталды тартуды үйрену үшін мемлекеттің өзі қарыз алып отыр. Сонда коммерциялық стартаптардың тәуекелі бюджетке, яғни салық төлеушілердің мойнына түседі.

Егер бұл жоба расымен соншалық қажет болса, оған жұмсалатын қаржыны қарызға батпай-ақ табудың жолы болмады ма? Содан кейін Үкімет халықтың неге несиеге үйір екенін таңырқап жатады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері айтарлықтай төмендеді. Осы апта өңірдің қор нарықтары үшін соңғы алты жылдан астам уақыт ішіндегі ең сәтсіз кезең болуы мүмкін.