Евразия24Басты бет«Самұрық-Қазына» ісінің саяси салдары

«Самұрық-Қазына» ісінің саяси салдары

|

|

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағаларының қамауға алынғаны ресми түрде расталғаннан кейін Қазақстанның саяси элитасы ештеңе болмағандай кейіп таныта алмайды. Соңғы төрт жыл бойы билік насихаты жемқорлықты «Ескі Қазақстанмен» байланыстырып, екеуін бір ұғым ретінде көрсетуге тырысты. Алайда «жаңа элитаның» да жемқорлыққа белшесінен батқан, мемлекет қаржысын жымқырудан тайынбайтын топ екені белгілі болды.

Қазақстанның мемлекеттік корпоративтік секторындағы ең ірі екі құрылым басшысының ұсталуы біртіндеп қылмыстық істің шеңберінен шығып, биліктің басқару жүйесіне деген сенім дағдарысына ұласып барады. Бұл жерде «Самұрық-Қазына» қорының да, ҚТЖ-ның да басқарма төрағаларына қатысты басты мәселе – олардың «Жаңа Қазақстан» тұсында саяси шешіммен тағайындалған тұлғалар екені. Оларды осы лауазымдарға тағайындау және қызметінен босату туралы шешімді тек Президент Тоқаев қана бекіте алатын еді.

Бұл тұтқындаулардың саяси маңызын үш жайт айқындайды:

  • «Самұрық-Қазына» қоры активтерінің ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы;
  • Президенттің болған оқиғаға қатысты жария мәлімдемесі;
  • Қауіпсіздік органдары басшылығына қатысты қабылданған кадрлық шешімдер.

Бұл оқиғаның Қазақстанның халықаралық беделі мен инвестициялық тартымдылығына тигізетін орасан зор залалын әлі бағалау қажет. Бизнес әлемінде «бедел – биржалық капиталдандырудың негізі» деген қағида бар. ҚТЖ акционерлік қоғамы өз акцияларын халықаралық қор нарығына шығаруға дайындалып жатқанын ескерсек, басталған тергеу инвесторлардың компания қызметінің ашықтығына, корпоративтік басқару сапасына және қабылданатын шешімдердің тұрақтылығы мен болжамдылығына қоятын талаптарын күшейтеді.

Президент пен Үкіметтің осы оқиғадан кейін «Самұрық-Қазына» қоры мен ұлттық компанияның жұмысы тоқтаусыз жалғасатыны, сондай-ақ кредиторлар алдындағы барлық міндеттемелер толық орындалатыны туралы мәлімдемелері де осы мақсатты көздейді. Яғни қылмыстық тергеудің мемлекеттік активтердің тұрақтылығына деген сенімге нұқсан келтірмеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алайда дағдарыстың ең айқын көрінісі – тұтқындаулардан кейін Президенттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатуы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қырағылық танытып, жедел әрекет еткені үшін көтермелеудің орнына, ол қызметінен алынды. Ал Ішкі істер министрі Сәденов жеңіл жазамен құтылды: оған тек қызметтік тәртіптік жаза қолданылды. Жалпы, Мемлекет басшысы күштік құрылымдарды түбегейлі реформалау қажеттігін мәлімдеді. Мұның өзі біршама түсініксіз. Өйткені оқиғалардың қисынына сүйенсек, ең алдымен Ұлттық әл-ауқат қорын реформалау қажет емес пе?

Күштік құрылымдар үшін бұл істің екі қыры бар. Бір жағынан, ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі экономикалық салмағы мен ықпалы орасан зор басшыларға қатысты тергеу жүргізуге қауқарлы екенін көрсетті. Екінші жағынан, осы оқиғадан кейін ҰҚК төрағасының ауысуы бірқатар сұрақ тудырады. Ол жемқорларды ертерек қамауға алмағаны үшін жазаланды ма? Әлде өз құзыретінен тыс, жоғары деңгейде шешілетін мәселеге араласқаны үшін бе? Немесе Астана аспанында долларлар шашылған ұсталу сәтін дабыраға айналдырғаны үшін қызметінен кетті ме?

Бұл оқиға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын бұрыннан сынап келе жатқандардың ұстанымын саяси тұрғыдан күшейте түсті. Күштік құрылымдар экономикалық сарапшылардың ондаған жыл бойы айтып келе жатқан пікірлерінің растығын дәлелдеді. Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялар жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстары үшін ештеңе істемей-ақ жылдар бойы алаңсыз өмір сүруге болатын жайлы қызмет орындарына айналды. Мұнда мемлекетке тиесілі қаржы ағындарын достарының,

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері айтарлықтай төмендеді. Осы апта өңірдің қор нарықтары үшін соңғы алты жылдан астам уақыт ішіндегі ең сәтсіз кезең болуы мүмкін.

Сауд Арабиясы қыркүйекте мұнай өндіру көлемін 34%-ға, экспортын 21%-ға арттырды – JODI

Сауд Арабиясы қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін тамызбен салыстырғанда 34,2 пайызға, ал экспортын 20,9 пайызға ұлғайтты. Бұл туралы Joint Organization Data Initiative (JODI) ұйымының сайтында хабарланды.

Алтын бағасы 3,3%-ға төмендеп, наурыздан бергі ең үлкен апталық құлдырауға бет алды

Мәскеу. 20 қараша. ИНТЕРФАКС – Жұма күні алтын бағасы...

Қытай он айда Ресейден бидай импортын 3,2 есе, арпа импортын 2,3 есе, жүгері импортын 34,2%-ға арттырды – ҚХР Бас кеден басқармасы

2026 жылдың қаңтар–қазан айларында Қытай Ресейден 21,6 млн долларға бидай импорттады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (6,7 млн доллар) 3,2 есе көп. Мұндай мәлімет Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы жариялаған материалдарда келтірілген.