Евразия24Не болдыҚорғаныс министрлігіндегі тексеруден кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Қорғаныс министрлігіндегі тексеруден кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

|

|

24 қыркүйекте Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты тергеудің алдын ала қорытындылары әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктерге жол берілгенін және бұрынғы басшылық тарапынан тиісті бақылау болмағанын көрсетіп отыр.

«Тексерудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары Қорғаныс министрлігінің ұйымдары мен бөлімшелеріндегі мемлекеттік мүлікті жымқыруы мүмкін фактілер, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және өзге де заң бұзушылықтар бойынша 13 қылмыстық іс қозғады. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын зерттеу барысында оқу-жаттығуға дайындық пен оны жоспарлауда, тәуекелдерді бағалауда, десант түсіруді ұйымдастыруда және әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі кемшіліктер анықталды. Командалық құрамның қылмыстық салғырттығы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бес лауазымды тұлға қамауға алынды. Олардың әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға тергеу аяқталғаннан кейін беріледі. Сондай-ақ әскери тәртіп пен профилактикалық жұмыста да кемшіліктер анықталды. Әскери қызметшілер арасындағы жарғылық емес қарым-қатынастың және оларға күш қолданудың жекелеген фактілері анықталып, осыған байланысты қылмыстық істер қозғалды. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына, әскери қызмет өткеру жағдайына, тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмысына ерекше назар аударылып отыр», – деп Ақорда хабарлады.

Бұл мәліметтер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия мүшелерімен өткізген кеңесінде айтылды.

Сонымен қатар 5 қазанда Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Оның айтуынша, ауқымды тексеру 50 нысанды, соның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Тексеруді жүргізу үшін мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандары мен IT және байланыс саласының сарапшыларынан арнайы топ құрылған.

Қайғылы оқиғадан кейін қабылданып жатқан шаралардың ауқымына қарасақ, қазіргі Қазақстан армиясы үшін бірнеше бағытты бірден қамтитын мұндай тексеріс бұрын-соңды болмаған деуге негіз бар.

Енді бастысы– тексеру нәтижесі кінәлілерді анықтап, жауапқа тартумен ғана аяқталмауы тиіс. Егер олардың кінәсі сотта дәлелденсе, бұл іс армиядағы кемшіліктерді түзеуге және жүйелі өзгерістерге негіз болуы керек.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда PM2.5 деңгейі жоғары: ресми есеп пен нақты көрсеткіштер сәйкес келмейді

Energyprom келтірген IQAir халықаралық экологиялық мониторинг жүйесінің 2025 жылғы деректеріне сәйкес, Қазақстан атмосфералық ауасы ең ластанған 143 елдің ішінде 29-орынға ие болды. Қалалардағы ұсақ дисперсті қатты бөлшектердің (PM2.5) орташа жылдық концентрациясы 23,4 мкг/м³-ке жеткен. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген шекті мөлшерден 4,7 есе жоғары. Бір жылдың ішінде Қазақстандағы ауаның ластану көрсеткіші 55%-ға өскен: 2024 жылы 15,1 мкг/м³ болса, 2025 жылы 23,4 мкг/м³-ке жетті. Демек, бір жыл ішінде ауа сапасы айтарлықтай нашарлаған. Ал бұл халықаралық экологиялық мониторинг деректері Экология министрлігі 2026 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «2025 жылғы қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама» жобасындағы мәліметтермен сәйкес келмейді.

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті инфекциялар бойынша жағдайды бақылап отыр

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туғызған жағдай туралы ақпаратқа байланысты ахуалды бақылап отыр. Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданды.

Қазақстан тағы несие алды

Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр7

Тоқаев Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.