Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласымен әуе қатынасын дамыту қажет екенін айтып, Асаин Байхановқа жаңа әуежай ашу мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
2025 жылы Қазақстанның республикалық бюджетінің кіріс жоспары 98,6 пайызға орындалды. Алайда салық түсімдері жоспары 336 млрд теңгеге орындалмай қалды. Бұған, соның ішінде, негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі әсер еткен. Бұл туралы Даурен Темірбеков мәлімдеді.
2025 жылы Қазақстанның республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,5 пайызына тең болды. Бұл шамамен 4,065 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы Даурен Темірбеков мәлімдеді.
Қазақстанда азаматтар арасында, әсіресе жастар арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі бейсенбі күнгі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс пен әскери қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туғызған жағдай туралы ақпаратқа байланысты ахуалды бақылап отыр. Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданды.
Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр7
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.