Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған бірқатар шара жүзеге асырылады

Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған бірқатар шара жүзеге асырылады

|

|

Астана. 21 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстанда азаматтар арасында, әсіресе жастар арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Біз халқымыздың, әсіресе жастардың арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен дәріптеуіміз қажет. Өткен аптада мен кітап оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы арнайы жарлыққа қол қойдым. Бұл маңызды құжаттың басты мақсаты — ұлт сапасын арттыру, яғни адами капиталды дамыту және қоғамның интеллектуалдық әрі мәдени әлеуетін нығайту», – деді Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде.

Мемлекет басшысы Үкіметке осы бағыттағы шараларды іске асыруды тапсыратынын айтты. Оның ішінде кітапхана ісі мен кітап басу саласына заңнамалық қолдау көрсету де қарастырылған.

«Сонымен қатар “Оқитын ұлт” тұжырымдамасы бекітіледі, “Жылдың 10 оқырманы” республикалық жобасы жүзеге асырылады және бірыңғай қолжетімділігі бар Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады. Бұдан бөлек, басқа да маңызды бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ирак өз аумағынан басқа елдерге шабуыл жасауға жол бермейді

Ирак президенті Низар Амиди ел аумағын басқа мемлекеттерге шабуыл жасау үшін пайдалануға билік жол бермейтінін мәлімдеді.

Дунай суы тартылып, Румыния Чернаводэ АЭС-ін сумен қамту үшін шұғыл шараларға кірісті

Қуаңшылық салдарынан Дунайдағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке дейін төмендеген. Осыған байланысты Румыния билігі Чернаводэ атом электр станциясының салқындату жүйесіне қажетті су көлемін қамтамасыз ету үшін қосымша шұғыл шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Bloomberg.

АҚШ пен Канада сауда жөнінде келісе алмады, канадалық бірқатар тауарға 50% баж салынады

АҚШ пен Канада жұма күнінің соңына дейін жаңа сауда шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Осыған байланысты сенбіден бастап Канаданың бірқатар тауарына, соның ішінде сыра мен ірімшікке АҚШ-тың 50 пайыздық баж салығы күшіне енеді, деп хабарлайды The Washington Post (WP).

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне көтерді

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінен «BBB»-ге көтерді. Болжам – «тұрақты».