Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі бейсенбі күнгі жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.
Күштік құрылымдар қызметкерлері үшін жекпе-жек өнерін жоғары деңгейде меңгеру — таңсық дүние емес, бұл — іс жүзіндегі кәсіби стандарт. Әсіресе физикалық және психологиялық дайындық тікелей күнделікті қызметпен ұштасатын құқық қорғау жүйесінде бұл қағиданың маңызы зор.
«Paryz NEF 2026» қауымдастығының форумында бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, ал қазіргі уақытта «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин көпшілікті таңғалдырған бірқатар мәлімдемелер жасады.
Бір жағынан, Ішкі істер министрлігінің жасанды интеллект жүйелерін енгізуге неліктен басымдық беріп отырғанын түсінуге болады. Бұл қадам бірден екі өзекті мәселені шешуді көздейді: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді әрі кадр тапшылығы мәселесін реттейді.
Кибермәселелермен және алаяқтықпен әлемнің цифрлық экономикасы дамыған елдерінің барлығы дерлік күресіп келеді. Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалып отырған жоқ. Бастысы, қаржы реттеушісі жаңа қауіп-қатерлерден бейтарап қалмай, алаяқтыққа қарсы (антифрод) инфрақұрылымды жүйелі түрде қайта құруда.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туғызған жағдай туралы ақпаратқа байланысты ахуалды бақылап отыр. Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданды.
Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр7
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.