Еуразия24

Материалы

Аракчи БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі ашық пікірталасқа қатысу үшін Нью-Йоркке баруы мүмкін

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи 26 мамырда өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталасына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына баруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстан мен Кения ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр

Астана қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рютте НАТО елдерін қорғанысқа бөлінетін қаржыны көбейтуге шақырды

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Швецияда өтетін альянсқа мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесуінің алдында одақтастардың қорғаныс саласындағы міндеттемелерін жедел орындауы қажет екенін мәлімдеді.

Қазақстан Кенияның Момбаса порты арқылы Африкаға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды талқылауда

Астана қаласында Қазақстан мен Кения басшылары өз өңірлеріне тауар жеткізуде бір-бірі үшін маңызды «қақпа» болу мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы екі ел лидерлерінің бірлескен мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Парламенті Құрылтай туралы конституциялық заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенатының сәрсенбі күнгі бірлескен отырысында депутаттар «Құрылтай (бірпалаталы парламент) және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.

Еще от автора

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті инфекциялар бойынша жағдайды бақылап отыр

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туғызған жағдай туралы ақпаратқа байланысты ахуалды бақылап отыр. Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданды.

Қазақстан тағы несие алды

Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр7

Тоқаев Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс Каспийдегі оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізу кезінде елеулі кемшіліктер болғанын анықтады

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.