Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Кенияның Момбаса порты арқылы Африкаға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды талқылауда

Қазақстан Кенияның Момбаса порты арқылы Африкаға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды талқылауда

|

|

*** Кения да өз тауарларын Қазақстан арқылы Еуразия елдеріне жеткізуді жоспарлап отыр

Астана. 20 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Астана қаласында Қазақстан мен Кения басшылары өз өңірлеріне тауар жеткізуде бір-бірі үшін маңызды «қақпа» болу мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы екі ел лидерлерінің бірлескен мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

«Қазақстан Африка нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін, ең алдымен астық пен өзге де тауарларды жеткізуге мүдделі. Осы мақсатта біз Момбаса портын пайдалану мәселесін қарастырдық. Бұл — Шығыс Африкадағы ең ірі логистикалық орталықтардың бірі және өңірдегі сегіз мемлекетке шығуға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында Кенияның бірқатар өнімі, соның ішінде шай мен кофе тауарлары ұсынылған. Сонымен қатар Кения өз өнімдерін Қазақстан арқылы Еуразия елдеріне жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтіп, “Қазақстан – Кения” Іскерлік кеңесін құру бастамасын көтердік. Бұл кеңес нақты жобаларды ілгерілетуге және өзара тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Уильям Руто Кения Қазақстанды Орталық Азия мен жалпы Еуразия өңіріне шығатын маңызды стратегиялық серіктес әрі негізгі қақпа ретінде қарастыратынын мәлімдеді.

«Өз тарапымыздан Кения Қазақстан үшін Шығыс және Орталық Африкадағы байланыстырушы буын болуға дайын. Біз қазақстандық тарапқа Найроби қаласын құрлықтағы жұмысқа арналған стратегиялық база ретінде, ал Момбаса порты мен Ламу портын өңір нарықтарына шығатын негізгі логистикалық хабтар ретінде пайдалануды ұсындық», – деді Кения Президенті.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Кения арасында тұрақты тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігін де талқылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті Оманмен инвестициялық ынтымақтастықты, көлік байланысын және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы әріптестікті нығайтуға шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан–Оман бизнес-форумында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Оман экономикалық ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың келіссөздері қорытындысында экономика саласына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор нарықтары өсті, Оңтүстік Корея индексі төмендеді

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ірі елдердің қор нарықтары сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша негізінен өсті. Бұған бір күн бұрын Уолл-стриттегі өсім, Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімінің қалпына келе бастауы және жасанды интеллект саласына қатысты оң көңіл күй ықпал етті.