Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті Құрылтай туралы конституциялық заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті Құрылтай туралы конституциялық заңды қабылдады

|

|

Астана. 20 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенатының сәрсенбі күнгі бірлескен отырысында депутаттар «Құрылтай (бірпалаталы парламент) және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.

Құжат 15 наурызда өткен референдумда қабылданып, үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін жаңа Конституция нормаларын іске асыру мақсатында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

Заңның басты мақсаты — бірпалаталы Құрылтайдың конституциялық-құқықтық негіздерін бекіту болып табылады.

Құжатқа сәйкес, Құрылтай 145 депутаттан тұрады, ал олардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрамақ.

Заңмен Құрылтайдың заңдар қабылдауды және парламенттік бақылау тетіктерін жүзеге асыруды қамтитын құзыреттері белгіленді. Сондай-ақ Құрылтай қызметінің ұйымдық формалары (сессиялар, отырыстар, тыңдаулар, үкімет сағаттары), оның органдарының құрылымы (төраға, бюро, комитеттер, комиссиялар) және заң шығару процесін жүргізу тәртібі реттеледі.

Мұнымен қоса, құжат Құрылтайдың Үкіметпен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындап, депутаттардың мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде депутаттық бірлестіктерді, парламенттік көпшілік пен оппозицияны қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ депутаттық әдеп қағидаларын бекітеді.

Заң бойынша Құрылтай Президентке Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін қызметке тағайындауға келісім береді.

Заң үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Осымен бір уақытта 1995 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң өз күшін жояды.

Осы жылдың сәуір айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа бірпалаталы парламентіне сайлау үстіміздегі жылдың тамыз айында өтетінін мәлімдеген болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарын орындау тәртібін бекітетін заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Құрылтай сайлауына 33 кандидатты ұсынды

Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) делегаттары сәрсенбі күні өткен съезде Құрылтай депутаттығына ұсынылатын 33 кандидаттан тұратын партиялық тізімді бекітті, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қанатбек Жайсанбаевты Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заң қабылданды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заңға және оған ілеспе түзетулерге қол қойды. Құжаттар сәрсенбі күні ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.