Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті елдің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы конституциялық заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті елдің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы конституциялық заңды қабылдады

|

|

Астана. 20 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні өткен бірлескен отырыста «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» конституциялық заңды қарап, қабылдады.

Құжат жаңартылған Конституция талаптарына сәйкес әзірленген.

Заңда әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындау, оларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін реттеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін белгілеуге қатысты нормалар қамтылған.

Құжатта Мемлекет басшысы, Үкімет және мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу қарастырылған. Атап айтқанда, Президент облыстар мен аудандарды құру және тарату, сондай-ақ елді мекендерді республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу мәселелері бойынша шешім қабылдайды.

Ал Үкімет Президент қарауына облыстар мен аудандарды құру немесе тарату, елді мекендерді түрлі санаттағы қалалар қатарына жатқызу және әкімшілік-аумақтық құрылысқа қатысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

Сонымен қатар Үкіметтің құзыретіне астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгілеу мен өзгертуге қатысты нормалар да енгізілген.

Заңда жергілікті өкілді және атқарушы органдардың әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешудегі өкілеттіктері де нақтыланған. Олардың қатарына елді мекендерді кенттер мен ауылдар санатына жатқызу, олардың облыс пен аудан шегіндегі әкімшілік бағыныстылығын айқындау, шекараларын бекіту және өзгерту мәселелері кіреді.

Сондай-ақ құжатта қала, ауыл және кент мәртебесіне қатысты нақты талаптар белгіленген. Заң әзірлеушілерінің пікірінше, бұл норма елді мекендердің мәртебесін негізсіз өзгертуге жол бермейді. Мұндай шешімдер енді әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың пікірін ескере отырып қана қабылданады.

Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті Оманмен инвестициялық ынтымақтастықты, көлік байланысын және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы әріптестікті нығайтуға шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан–Оман бизнес-форумында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Оман экономикалық ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың келіссөздері қорытындысында экономика саласына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор нарықтары өсті, Оңтүстік Корея индексі төмендеді

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ірі елдердің қор нарықтары сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша негізінен өсті. Бұған бір күн бұрын Уолл-стриттегі өсім, Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімінің қалпына келе бастауы және жасанды интеллект саласына қатысты оң көңіл күй ықпал етті.