2025 жылғы қаңтар–тамыз аралығында Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 5,4 млрд АҚШ долларына жетіп, рекордты жаңартты. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға жоғары, ал 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өскен.
Болгарияның парламенті ел президенті Румен Радевтің инвестициялар туралы заңға енгізілген түзетулерге қойған ветоcын еңсеріп, заң жобасын көпшілік дауыспен қабылдады.
Еуропалық комиссия (ЕК) Ресей азаматтарына қатысты визалық режим бойынша қосымша шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отыр, алайда бұл мәселеге қатысты БАҚ-та жарияланған ақпараттарға түсініктеме бермейді.
Бельгияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күні әуе кеңістігін дрондар арқылы заңсыз бұзу мәселесіне арналған отырыс өткізіп, 2026 жылы 1 қаңтарға дейін Ұлттық әуе қауіпсіздігі орталығын іске қосу туралы шешім қабылдады.
АҚШ Әуе күштерінің төрт бірдей B-2A Spirit стратегиялық стелс-бомбалаушысы жұма мен сенбі аралығында Ирандағы әскери нысандарға кезекті әуе соққысына қатысқан.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен Словакия үкімет басшысы Роберт Фицо телефон арқылы сөйлесіп, Ресейден мұнай мен газ жеткізуге қатысты шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша Еуроодақ басшылығына бірлесіп үндеу жасауға келісті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мүше мемлекеттерді Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстан зардап шеккен елдерге жедел көмек көрсету үшін 30,3 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге шақырды.