Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Байтерек» холдингіне аграршылардың жеңілдікпен қаржыландыруға беретін өтінімдерін қарау рәсімдерін жеңілдетуді тапсырды.
Жеңістің 81 жылдығын мерекелеу төңірегіндегі жағдай Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі одақтастық қарым-қатынастың шынайы сипатын көрсетті. Қазақстан аумағындағы жалғыз толыққанды әскери шеру ерекше мәртебесі бар Байқоңыр қаласында өтті.
7 миллионға жуық бала мен жасөспірім — бұл алдағы жылдарға арналған орасан зор адами капитал. Еуропа мен Шығыс Азияның бірқатар елдері керісінше, халықтың қартаюы мен жұмыс күшінің азаюына тап болып отырғанда, бұл біздің мемлекетіміз үшін үлкен басымдық.
Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста екі оқылымда қарап, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.