Евразия24Ушыққан мәселеАрандатуды тоқтатыңдар!

Арандатуды тоқтатыңдар!

|

|

Бұл жолы Қазақстан Президентінің Мәскеудегі 9 мамыр Жеңіс шеруіне қатысуы бір жағынан үйреншікті, екінші жағынан күтпеген жағдай болды. Әрине, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымында болған уақыт ішінде мұндай маңызды әрі нышандық мәні бар шарадан қалыс қалған емес. Дегенмен, биыл оның Мәскеуге баратыны туралы хабар соңғы сәтте ғана белгілі болды. Өзбекстан Президентінің сапары да осыған ұқсас жағдайда өтті. Бұған дейін Мәскеу тарапынан шеруге ешкім арнайы шақырылмағаны, бірақ өз еркімен келетін мәртебелі қонақтарға есік ашық екені туралы ақпарат тараған болатын.

Қалай десек те, биылғы Жеңіс шеруіне дайындық барысы Мәскеу аспанында украиналық дрондардың пайда болу қаупі мен оған жауап ретінде Киевтегі «шешім қабылдау орталықтарына» зымыранмен соққы беру туралы ескертулердің айналасында өрбіді. Сондықтан Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің Қызыл алаңдағы мінберде бой көрсетуі де осы жағдаймен тікелей байланысты. Оның үстіне, Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің Мәскеуге келуі шабуыл болмайтынын біржола айқындап берді. Орталық Азиядағы екі жетекші мемлекеттің басшылары Мәскеуге қауіп жойылғаннан кейін емес, өздерінің қатысуы арқылы сол қатерді болдырмау үшін аттанды.

Бұл жерде қалыптасқан жағдайдың күрделілігі мен тереңдігін түсіну маңызды: Жеңіс шеруі кезінде Қызыл алаңға шабуыл жасау қаупі Президент Зеленскийдің жай ғана айта салған сөзі емес. Мұндай шабуылдың жан-жақты жоспарланғаны, ең ұсақ тұстарына дейін есептелгені және материалдық-техникалық тұрғыдан толық дайын болғаны анық. Мұның артында тек Украина емес, бар күш-жігері мен ресурсын салған Батыс одағы тұрғаны белгілі. Тек іске қосу бұйрығы ғана қалған еді. Бұған берілген жауап та тиісті деңгейде болды: мәселе жоғары билікте талқыланып, нақты қарсы шаралар әзірленді.

Бұл — үлкен саясаттың, тіпті аса ірі геосаяси ойынның көрінісі.

Ал Қазақстан президентінің Мәскеуге сапары елімізде қалай қабылданды?

Жалпы алғанда, қоғам бұл қадамды түсіністікпен қабылдады, әрі қолдау білдірді деуге болады. Сонымен қатар, батысшыл бағыттағы ұлтшыл топтардың белсенділігі кейінгі кезде айтарлықтай бәсеңдеп, қалғандары саяси ахуалға байланысты барынша сақтық танытуға көшкен.

Соған қарамастан, қызу реакциялар мен түрлі «мәлімдемелердің» болғаны да жасырын емес.

Мәселен, әскери сарапшымыз Ермек Сейітбаталов салмақты кейіп танытып, мән-жайды талқылағанымен, негізгі ойын «Тоқаев Мәскеуде! Алда соғыс! Шекараға мина төсеу керек!» деген айқайлаған тақырыппен бүркемелеп қойған. Тағы бір кәсіби саясаттанушы сарапшы Фархад Қасенов те одан қалыспайды: оның бейнежазбасы «Тоқаев соғысқа дайындалып жатыр!..» деп аталады, әрі қарай тыңдаудың өзі артық сияқты.

Алайда бұл сапар тек жекелеген отандық сарапшылардың ғана емес, Украинаны Ресейге қарсы соңғы демі қалғанша айдап салуға тырысып жатқан Еуроодақтың да шамына қатты тиді.

Мәселен, Еуропа дипломатиясының басшысы Кая Каллас 9 мамыр мерекесін «кейбір еуропалық мемлекеттер» әртүрлі қабылдайтынын алға тартып, Ресеймен келіссөз жүргізу қажеттігіне тоқтала бастады. Оған Путин ұсынған келіссөзші — Германияның бұрынғы канцлері Шредер ұнамай отырғанымен, сөйлесуге тура келеді. Әсіресе, Ормуз бұғазындағы жағдай ушығып тұрғанда басқа таңдау қалмаған сияқты.

Қысқасы, бүгінде «мина төсеп», ат құйрығын кесуге мүлдем болмайтын шекара болса, ол — Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара!

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тарихы ортақ, тағдыры бір: Байқоңырдағы 9 мамыр

Жеңістің 81 жылдығын мерекелеу төңірегіндегі жағдай Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі одақтастық қарым-қатынастың шынайы сипатын көрсетті. Қазақстан аумағындағы жалғыз толыққанды әскери шеру ерекше мәртебесі бар Байқоңыр қаласында өтті.

Технологиялық серпіліске жетелейтін 7 миллион себеп

7 миллионға жуық бала мен жасөспірім — бұл алдағы жылдарға арналған орасан зор адами капитал. Еуропа мен Шығыс Азияның бірқатар елдері керісінше, халықтың қартаюы мен жұмыс күшінің азаюына тап болып отырғанда, бұл біздің мемлекетіміз үшін үлкен басымдық.

Күмәнді экономикалық өрлеу

2025 жылғы қарашада халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бірлескен бағдарлама қабылданғалы бері бес ай өтсе де, әзірге нақты нәтижеден гөрі ниет туралы әңгіме көбірек айтылып жатқандай әсер қалдырады.

Мадьяр Тоқаевқа жолдаған жеделхатында Мажарстанның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады

Мажарстан Премьер-министрі лауазымына кіріскен Петер Мадьяр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына алғыс білдіріп, жауап хат жолдады.