АҚШ-тың Еңбек министрлігі сәуір айында тұтыну бағалары (CPI индексі) жылдық есепте 3,8%-ға өскенін хабарлады.
Осылайша, инфляция қарқыны наурыздағы 3,3%-бен салыстырғанда айтарлықтай жылдамдаған.
Қазақстанның негізгі күріш өсіретін аймағы — Қызылорда облысы суармалы су лимитінің төмендеуіне байланысты биыл күріш егістігін азайтады. Бұл туралы облыс әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.
Қазақстанда бұршақ және майлы дақылдар өндірісінің күрт артуына байланысты өнімді бөлек сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста екі оқылымда қарап, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.