Үкімет сирек жер металдарын өндіру және қайта өңдеу жобаларын қолдауға 1 млрд доллар бағыттайды. Жаңа бағдарлама аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетіледі. Ал ең төменгі қаржыландыру көлемі 5 млрд теңгеге дейін төмендетілді.
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды:
«Өңіраралық көші-қонның теріс сальдосы төрт есеге азайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Елде еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру шаралары қолға алынған.
Бұл жолы Гүлнар Бажкенова «Kaspi bank»-пен ашық айқасқа шықты. Қолында граната емес, банктің фирмалық түсімен безендірілген екі плакаты бар. Бір плакатта Kaspi.kz логотипінің астына «мемлекеттік дерекқордағы азаматтардың жеке мәліметтерімен жасалатын алаяқтық» туралы жазылса, екіншісінде «қажетсіз деп танылған адамдардың әлеуметтік желідегі парақшалары небәрі бес минутта бұзылады» деген мәтінді көруге болады. Екі плакаттың да төменгі жағына «Жазасыз!» деп жазылыпты.
Жалғыз адамдық пикет – әдетте шарасыз күйге түскен жалғызбасты аналардың, баспанасынан айырылғандардың немесе бұған дейін қоғам назарына ілікпеген, бірақ қиын жағдайға тап болған өзге де адамдардың амалы. Яғни бұл – өз мұңын естіртудің басқа жолы қалмағандардың соңғы мүмкіндігі. Ең болмағанда, телекамера мен әлеуметтік желілерге тезірек ілігуді мақсат еткен жаңадан шыққан белсенділерге жарайды.
Алматыда өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аясында былай деп хабарлады: «Сергей Бурутин жиналғандарды ТМД Атқарушы комитетінің және Достастықтың Бас хатшысы Сергей Лебедевтің атынан құттықтады. Аппарат басшысы өз сөзінде халықаралық қауіпсіздік архитектурасы түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанын атап өтті. Бұл үрдіс қазір ерекше айқын көрніс тапқан.
Кувейт Ұлттық гвардиясы әлеуметтік желілерде тараған радиацияның таралуы туралы мәліметтерді жоққа шығарды. Осындай мәлімдеме Катар тарапынан да жасалды.
Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармер Кувейттың тақ мұрагері Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесіп, ел аумағында британдық Rapid Sentry әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру мәселесін талқылады.