Рейтингтік агенттіктермен өткен соңғы кездесулерге қатысты әзірге ресми есеп жариялаған жоқ. Сондықтан олардың Қазақстан туралы алдыңғы деректерін еске түсірейік. Fitch агенттігі биыл Қазақстанның егемендік рейтингін «BBB» деңгейінде, болжамын «тұрақты» деп отыр.
Ескі Қазақстандағы «Сөз бостандығы» жобасымен де, Жаңа Қазақстандағы «Елмедиа»-мен де белгілі Гүлжан Ерғалиева – ақиқатты қорғаудан айнымайтын қайсар тұлға. Өзінің бүкпесіз ұстанымының салдарынан ол талай қиындықты бастан кешірді, түрлі қысым мен қудалауға тап болды. Қазақстан халқының 90 пайызы өзін украиндардың «вышиванкасын» кигендей елестетіп отыр. Қазақстан қоғамы – Украина жағында.Осының барлығын Қазақстанға қайта оралған Арман Шураев Гүлжан Ерғалиеваның «Elmedia» жобасындағы тікелей эфирде мәлімдеді.
Жексенбі күні Қытайдың коммерциялық «Лицзянь-1» (Kinetica-1) зымыраны Пәкістанға тиесілі және екі қытайлық Жерді қашықтан зондтауға арналған спутникті орбитаға сәтті шығарды, деп хабарлады CCTV телеарнасы.
Палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильмен жасалған келісімді бұзды деген айыптауларды теріске шығарды. Бұл туралы жексенбі күні таратылған қозғалыстың ресми мәлімдемесінде айтылды.
Сергей Лавров пен Фейсал бен Фархан Әл Сауд бейсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Парсы шығанағы маңындағы жағдайды талқылады және Таяу Шығыстағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеу бағытындағы күш-жігерді күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Швеция Қорғаныс министрлігі Saab және BAE Systems компанияларынан жалпы құны 8,7 млрд швед кронына (914 млн доллар) әуе шабуылына қарсы қорғаныс және дрондарға қарсы жүйелер сатып алатынын мәлімдеді.
Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні өткен жалпы отырыста Перу Республикасымен қылмыстық-құқықтық саладағы үш келісімді ратификациялау туралы заңдарды мақұлдады.