Хезболла қозғалысының жетекшісі Наим Касем қазіргі уақытта Израильмен тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігін үзілді-кесілді жоққа шығарып, қаруды тастау ниеті жоқ екенін мәлімдеді.
Жұмадан дүйсенбіге дейін Ормуз бұғазы арқылы кемінде 17 кеме, оның ішінде төрт жүк тиелген танкер өткен. Бұл туралы CNN Kpler компаниясының деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Өткен аптада «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына» қатысты екі тараптан бірдей келеңсіздіктер орын алды.
Бірінші кезекте, Жоғары аудиторлық палата Ұлттық қор қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия отырысын өткізіп, бірқатар кемшіліктердің бетін ашты. Атап айтқанда, іске асыруға дайын емес, тіпті жобалық құжаттамасы мен жер телімдері де жоқ нысандардың қаржыландырылғаны белгілі болды. Мемлекеттік маңызы бар стратегиялық басымдықтардың орнына қаражат ауылдарды абаттандыруға және шағын әлеуметтік нысандарға жұмсалған. Сонымен қатар, қаржы аяқталған деп есептелген нысандарға нақты қажеттіліктен артық көлемде бөлініп, қаражаттың бір нысаннан екіншісіне, яғни ауылдан қалаға аударылу фактілері анықталды.
Қазақстандықтардың несиеге белшесінен батқанын ескерсек, несиені «банк қанша берсе, сонша алу» емес, адамның нақты төлем қабілетіне қарай алу принципіне көшу тіпті сәл кешігіп қолға алынған шара деуге болады.
Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.
Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.