Евразия24ЖаңалықтарКонго Демократиялық Республикасында шахталарды қорғау үшін АҚШ пен БАӘ қолдауымен әскерилендірілген бөлімше...

Конго Демократиялық Республикасында шахталарды қорғау үшін АҚШ пен БАӘ қолдауымен әскерилендірілген бөлімше құрылмақ

|

|

Брюссель. 27 сәуір. ИНТЕРФАКС – Конго Демократиялық Республикасы билігі минералдық ресурстар кен орындарын қорғау үшін әскерилендірілген бөлімше құруды жоспарлап отыр. Bloomberg мәліметінше жобаға АҚШ пен БАӘ қаржылай қолдау көрсетеді.

Жобаға кемінде 100 млн доллар инвестиция тарту, желтоқсанға дейін жасақ құрамына 3 мың адам қабылдау, ал 2028 жылға қарай олардың санын 20 мыңға дейін жеткізу көзделген. Жаңа құрылым қазіргі таңда шахталарды күзетіп отырған күштердің орнын басуы тиіс.

Агенттік дерегінше, қазір кен орындарын негізінен полиция күзетеді, алайда кейде бұл міндетті әскери бөлімдер мен президенттік гвардия да атқарады.

Жасақ ең алдымен елдің оңтүстік-шығысындағы Катанга өңіріне жіберіледі. Бұл аймақ мыс пен кобальттың мол қорымен қатар, мырыш, литий, алтын, қалайы және колумбит-танталит (колтан) кен орындарымен белгілі.

Сонымен бірге билік АҚШ пен БАӘ-ден бөлінетін қаражаттың нақты қай көздерден – мемлекеттік немесе жеке инвестициялардан – түсетінін нақтылаған жоқ.

2025 жылғы желтоқсанда Конго Демократиялық Республикасы мен АҚШ экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Соның аясында америкалық компаниялар мен Вашингтонның одақтастары КДР-дың кен орындары мен инфрақұрылымына басым қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Өз кезегінде ел билігі тау-кен саласындағы қауіпсіздікті күшейтуге міндеттеме алған.

Өңірдегі зорлық-зомбылықтың кезекті өршуі 2025 жылдың басында Руанда қолдайтын M23 қарулы тобы елдің шығысында шабуылға көшкеннен кейін орын алды. КДР билігі Руанданы өзіне бағынышты топтар арқылы елдің минералдық байлықтарын, әсіресе колумбит-танталитті иемденуге тырысты деп айыптаған. Кейін тараптар дағдарысты реттеу бойынша келіссөздер жүргізгенімен, жағдай әлі де тұрақсыз күйінде қалып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.