Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Асет Исенали тағайындалды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Венгрия халқы елдің Еуропалық одақ пен НАТО құрамына кіретінін мақтан тұтады, деп мәлімдеді парламенттік сайлауда жеңіске жеткен «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Ақпаратта белгілі қазақстандық журналист әрі жазушы, «Гиперборей» YouTube-арнасының негізін қалаушы Вадим Борейконың қызметіне қатысты деректер келтірілген.
Корея Еңбек партиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі әрі КХДР басшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон Пхеньянның Оңтүстік Корея ұсынған гуманитарлық медициналық көмекті қабылдамайтынын тағы да мәлімдеді.
Эстонияда орналасқан британдық әскери контингент 250 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын Nyan ұшқышсыз жүйелерін қару-жарақ құрамына енгізді. Бұл одақтас күштердің алыс қашықтықтағы нысандарға соққы беру мүмкіндігін кеңейтеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қытайда өндірілетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалануға арналған жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралардың мерзімін тағы бес жылға ұзартты.
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашуға әрекеттенді. Ол изолятордан шығып үлгергенімен, бостандықта ұзақ жүре алмады – сол күні-ақ ұсталды.