Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазына кірмек болған АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ұшқышсыз катеріне шабуыл жасады. Бұл туралы жексенбі күні Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы хабарлады.
Бір сәт ойланып көріңізші: таңертең жұмысқа келдіңіз. Компьютерді қостыңыз. Ал сіз күнде бірнеше сағат жұмсайтын жұмысты жасанды интеллект бірнеше минутта орындап қойды. Есеп дайын, мәтін жазылған, кесте толтырылған, ақпарат сұрыпталған. Сонда сізге жұмыс қалды ма?Соңғы кезде бұл сұрақты көп адам өзіне қоя бастады. «Жасанды интеллект дамып кетсе, біз жұмыссыз қалмаймыз ба?» деген қорқыныш бар. Әсіресе компьютер алдында жұмыс істейтін мамандардың алаңдауы түсінікті.Бірақ мәселенің шындығы сәл басқаша болуы мүмкін.
Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.
Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен.
Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.
Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында Қытай мен Австралияның қор нарықтары төмендеді. Ал мерекеге байланысты екі күндік үзілістен кейін сауда қайта басталған Жапония нарығы өсім көрсетті.
Қазақстанда этномәдени ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіле береді, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қалыптастырған тәжірибесі Халық кеңесінің жұмысында пайдаланылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.