Астана. 7 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда инженерлік-коммуналдық желілерді жаңғырту және генерация қуаттарын дамыту мақсатында бес жыл ішінде 13 триллион теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп...
2025 жылғы 8 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында ірі қуатты атом электр станциясын салу жобасы аясындағы алғашқы жұмыстар – станция құрылысына арналған оңтайлы алаңды айқындау және жобалық құжаттаманы әзірлеу мақсатындағы инженерлік іздестірулер басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы Қытайда өндірілген үш жаңа Y-8F-200WA әскери-көлік ұшағын (борттық нөмірлері – 04, 05 және 06) қабылдады. Аталған жеткізілімдер Қазақстан мен Shaanxi Aircraft Corporation компаниясы арасында 2018 жылы жасалған сегіз әуе кемесін сатып алу жөніндегі ұзақмерзімді келісім аясында жүзеге асырылып отыр. Жеткізілген ұшақтар – Қытайда заманауи үлгіде жаңғыртылған Y-8 үлгісінің модификациясы. Бұл модель өз кезегінде кеңестік Ан-12 негізінде жасалған. Ұшақтың фюзеляжы ұзартылған, максималды ұшу салмағы – 61 000 келі, жүк көтергіштігі – 23 тонна. Қуаты 4 250 ат күшіне тең төрт WJ-6 турбовинтті қозғалтқышпен жарақталған.
Америкалық тараптың бастамасы бойынша, Владимир Путин мен Дональд Трамптың қатысуымен алдағы күндері екі жақты жоғары деңгейдегі кездесуді өткізу туралы уағдаластық принципті түрде бекітілді», – деп мәлімдеді Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Мәскеу мен Вашингтон кездесудің мазмұндық және ұйымдастырушылық аспектілері бойынша нақты жұмыстарды бастаған.
Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру 2026 жылы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. «Қазір біз осы бағытты пысықтап жатырмыз. Қаржы реттеуші құрылымында мемлекеттік сақтандыру компаниясын құру көзделіп отыр. Оның жанында есеп беретін ұйым бар, сол ұйымның аясында тәуекелдерді сақтандыратын, тұрғын үй иелерінен түсетін қаражатты жинақтайтын және оларды қайта сақтандырумен айналысатын еншілес кәсіпорын құрылатын болады», – деді Бозымбаев.
Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан жанармай тапшылығы мен оның бағасының өсуіне байланысты Вьетнамның бірнеше әуе компаниясы бірқатар ішкі бағыттар бойынша рейстерді уақытша тоқтатады