Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесу барысында Парсы шығанағы елдерінің азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды айыптап, қажет болған жағдайда қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Украинадағы соғыс операциясы бесінші жылға созылып барады. Бұл — тіпті Екінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда ұзақ мерзім. Мұндай жағдай болып жатқан оқиғаның мәнін және оның қандай салдары болуы мүмкін екенін, соның ішінде Қазақстанға ықпалын талқылауға негіз береді. Қазақстанның бұл тақырыпқа қандай қатысы бар екенін төменде түсіндіреміз.
2023 жылдың күзімен аяқталған қарсы шабуылдың сәтсіздігінен соң арнайы әскери операцияның тоздыру сипатындағы соғысқа айналғаны бәрімізге мәлім.
Соғыс мұндай сипат алғанда басты мәселе – фронтта қысым жасап отырған Ресей қанша аумақты басып алады немесе баяу шегініп жатқан Украина қанша жерді ұстап қала алатынында емес. Әскери қимылдар – маңызды фактор, бірақ гибридтік текетіресте шешуші рөл атқармайды. Негізгі мақсат – қарсыласу мүмкіндігін тұтастай әлсіретуге бағытталған: мобилизациялық адам ресурсын, экономикалық, қаржылық және технологиялық әлеуетті сарқуға тырысу. Және ең бастысы қарсылықты жалғастыруға деген ерікті жою.
Нәтижесінде экономикада қауіпті тұйық үдеріс қалыптасып отыр: жұмыс орындарын ашу үшін бизнес табыс табуы тиіс; табыс табу үшін өнімін өткізуі керек; ал өткізу деңгейі халықтың төлем қабілетіне тікелей тәуелді.
Біз баяндаманың толық мәтінімен танысып, онда БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі бөлімшесінің Орталық Азия өңіріндегі инвестициялар туралы бірқатар маңызды тұжырымдарын анықтадық.
Хуситтердің Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасаған соққысынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Бұл туралы Сауд Арабиясының азаматтық авиация басқармасы хабарлады.
«Исайас» дауылы алдымен Флоридаға, кейін Алабамаға соғып, салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты, жүздеген мың тұрғын жарықсыз қалды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасаған The New York Times хабарлады.
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы республикашыл Бен Фитцпатрик Ресейден жанармай сатып алуға тыйым салатын заң жобасын қарауға ұсынатынын мәлімдеді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Украина Президенті Владимир Зеленский Вашингтонның Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуылды тоқтату жөніндегі бірнеше мәрте жасаған өтінішіне құлақ аспағаннан кейін Ресеймен дизель отынын жеткізу туралы келісім жасасуға шешім қабылдады. Бұл туралы жағдайдан тікелей хабардар америкалық шенеунік Axios басылымына мәлімдеді.