Денисов ауданы прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде Глебовка ауылының тұрғындары үшін ауыз судың бір текше метрінің бағасы 45 еседен астам төмендеп, 5 520,59 теңгеден 116 теңгеге дейін арзандады. Бұған дейін тарифтің жоғары болуы ауыл тұрғындарына да, кәсіпкерлерге де едәуір қаржылық салмақ түсірген. Заңнамада ауыз су құнын субсидиялау көзделгеніне қарамастан, Глебовка ауылындағы сумен жабдықтау тарифін төмендету жөніндегі шаралар дер кезінде қабылданбаған.
Павлодар облысында «Aqtogai Milk» ЖШС-де болған топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу аяқталды. Оқиға салдарынан алты жұмысшы қаза тапқан. Тергеу барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында жұмыс істеп жатқан кезде күкіртсутектің әсеріне ұшырағаны анықталды.
Қазақстан халқының 49%-ы атеист деп көрсетіліп, рейтингте 14-орынға ие болды. Құдайға сенбейтіндер ең көп ел — Швеция, мұнда олардың үлесі 76%. Ал ең төмен көрсеткіш Андоррада — 15,2%.
Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы әзірлемелерге сұраныстың артуына байланысты 2050 жылды қоса алғандағы кезеңде әлем бойынша деректерді өңдеу орталықтарына (ДӨО) жұмсалатын шығын $31,6 трлн-ға жетеді. Мұндай болжамды PricewaterhouseCoopers (PwC) ұсынып отыр.
Еуропалық одақ АҚШ-тың дизель отынын, соның ішінде ЕО елдеріне экспорттауға тыйым салуы мүмкін деген ақпаратқа алаңдап отыр. Еурокомиссияның ресми өкілі Олоф Жилл ЕО мен АҚШ арасындағы энергетикалық ынтымақтастық тұрақты әрі екі тарапқа да тиімді екенін мәлімдеді.
Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында Қытай мен Австралияның қор нарықтары төмендеді. Ал мерекеге байланысты екі күндік үзілістен кейін сауда қайта басталған Жапония нарығы өсім көрсетті.
Қазақстанда этномәдени ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіле береді, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қалыптастырған тәжірибесі Халық кеңесінің жұмысында пайдаланылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.