Мәжіліс еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы кепілдіктерді күшейтетін заңды мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді бала күтімімен үйде отырған жұмыс істемейтін әкелердің бұл кезеңі зейнетақы өтіліне қосылады. Сондай-ақ жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен қызметтен босатуға заң жүзінде тыйым салынды.
АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.
Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён сейсенбі күні елдің Солтүстік теңіз жолын жүк тасымалы үшін кеңінен пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық санкцияларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ арқылы Сауд Арабиясына хуситтерге қарсы әскери операцияларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген. Алайда корольдіктің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бұл ұсынысты қабылдамаған. Бұл туралы «Гаарец» басылымы дипломатиялық дереккөзге сүйеніп хабарлады.
Үндістанның IndiGo жеке бюджеттік әуе компаниясы өңірдегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда, Медина және Даммам қалаларына рейс орындамау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.