Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне тағайындалған Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
АҚШ Иранның Ларк аралына соққы жасағаннан кейін Иран әскері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі АҚШ Қарулы күштерінің позицияларына дрондармен шабуыл жасады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИСҚК) хабарлады.
Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИСҚК) дүйсенбіге қараған түні Ормуз бұғазы үстінде АҚШ-тың MQ-9 Reaper ауыр барлау-соққы дронын атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Парламент сайлауының қорытындысы шыққаннан кейін елде ауқымды кадрлық өзгерістер болады деген үміт күшейді. Министрлер кабинетінің «жаңа-ескі» құрамы шамамен белгілі болғанымен, «вице-президент» лауазымының қайта енгізілуі Ақ Ордадағы кадрлық үдерістерге деген қызығушылықты аз да болса арттыруы тиіс еді. Бұған көпшіліктің бұл қызметтің мән-маңызын жете түсіне бермеуі себеп болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова емханалардағы медициналық көмектің қолжетімділігін бақылауды күшейтуді тапсырды. Қазан айынан бастап өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МӘМС) ұйымдарының жұмысына жүйелі талдау жүргізіледі.
Президент Тоқаев әрбір бағдарламалық сөзінде мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу қажеттігіне ерекше назар аударып келеді. ЖИ төңірегіндегі қазіргі дүрлікпені осыдан жиырма жылдай бұрын «нанотехнологияға» артылған үмітпен салыстыруға болады. Бұл жолы да ел экономикасын әлемдік көшбасшылар қатарына шығарады делінген кезекті «сиқырлы құрал» табылғандай әсер бар. Алайда Ақорданың мұндай асқан оптимизмі саладағы қазіргі үдерістермен қаншалықты үйлеседі?
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімімен Каспийде әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.