Ұлттық ұланның жас сарбазы көпшілік алдында Отан алдындағы борыш пен сүйіктісіне деген махаббатының өз өміріндегі маңызын нақты дәлелдеді. Ол ресми рәсімнің тәртібін бұзудан қорықпастан, маңызды қадамды әскери қызметінен кейінге қалдырмай, өмір жолындағы екі үлкен жауапкершілікті қатар қабылдады.
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Гренландия мәселесіне байланысты АҚШ пен Еуропалық одақ арасында әзірге қажетті деңгейде байланыс арнасы жолға қойылмағанын мәлімдеді.
Виски, коньяк және текилаға деген сұраныстың бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеуі әлемдегі жетекші алкоголь өндірушілерінің қоймаларында сатылмаған өнім қорының едәуір көлемде жиналуына алып келді.
Елдегі экономикалық белсенділікті бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі саналатын Қытайдағы электр энергиясын тұтыну 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық деңгейге жетіп, алғаш рет 10 трлн киловатт-сағат межесінен асты.
Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері елдің оңтүстігінде, Окинава маңында Ресей Әскери-теңіз флотының «Вишня» класты (НАТО жіктемесі бойынша) барлау кемесінің қозғалысын бақылағанын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын іске асыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Польша президенті Кароль Навроцкий сәрсенбі күні Марцин Беректің Конституциялық сот судьясы ретінде ант беру рәсіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды Polsat телеарнасы.