Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Құрылтайы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетті бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Құрылтайы 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджетті бірінші оқылымда мақұлдады

|

|

Астана. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның бір палаталы парламенті – Құрылтай сәрсенбі күні «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бюджетті әзірлеу кезінде экономикалық дамудың базалық болжамы негізге алынған. Оған сәйкес, 2027–2029 жылдары нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жылдық орташа өсімі 5 пайыздан жоғары болады деп күтілуде. Ал атаулы ЖІӨ көлемі 2027 жылғы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

Жылдық инфляцияның болжамды шегі 2027 жылы 7,5–9,5 пайыз, ал 2028–2029 жылдары 6–8 пайыз болып белгіленген.

2027 жылы мұнай секторындағы ұйымдардан Ұлттық қорға түсетін түсім 3,78 трлн теңге болады деп болжанып отыр. Бұл көрсеткішті есептеу кезінде мұнай өндіру көлемі 96 млн тонна, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы барреліне 70 доллар, ал АҚШ долларының бағамы 480 теңге болады деген болжам негізге алынған. Жоспарланған түсім 2026 жылға арналған бағалаудан 342 млрд теңгеге аз.

Ұлттық экономика министрлігінің болжамынша, трансферттерді есептемегенде, республикалық бюджеттің кірісі 2027 жылы 19,9 трлн теңгеге жетеді. Бұл биылғы көрсеткіштен 16,4 пайызға жоғары. Ал 2028 жылы бюджет кірісі 21,7 трлн теңге, 2029 жылы 23,3 трлн теңге болады деп жоспарланған.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін трансферттер көлемі 2027 жылы 4,4 трлн теңге, 2028 жылы 3,9 трлн теңге, 2029 жылы 3,5 трлн теңге болады.

Республикалық бюджеттің жалпы шығысы 2027 жылы 30,2 трлн теңге, 2028 жылы 29,4 трлн теңге, ал 2029 жылы 29,6 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Республикалық бюджет тапшылығы 2027 жылы 4,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 2,3 пайызы болады деп белгіленген. Ал 2028 жылы тапшылық 2,2 трлн теңгеге, 2029 жылы 1 трлн теңгеге дейін қысқарады деп күтілуде.

14 қазандағы ресми валюта бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 448,45 теңге.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Премьер-министрі жол саласын реформалау жөніндегі ұсыныстарды 1 желтоқсанға дейін әзірлеуді тапсырды

Астана. 14 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов...

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.