Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ президенті Дональд Трамптың 1 ақпаннан бастап бірқатар еуропалық елдерге қатысты баж салығын енгізу жоспарын қате деп атады.
NASA мәлім еткеніндей, «Artemis II» пилоттық миссиясы аясында Айға төрт астронавтты жеткізуге арналған америкалық SLS (Space Launch System) зымыран тасығышы мен оған бекітілген Orion ғарыш кемесі ұшыру алаңына жеткізілді.
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Газа мәселесін реттеу жөніндегі өзі бастамашы болған Бейбітшілік кеңесінің жұмысына үш жылдан астам мерзімге қатысқысы келетін елдерден 1 млрд доллар көлемінде жарна төлеуді ұсынуда.
Қытайдың Galactic Energy компаниясы әзірлеген «Церера-2» (Ceres-2) коммерциялық зымыран-тасығышы сенбі күні алғашқы демонстрациялық ұшырылымы барысында ұшу сәтінде істен шықты.
Иранның Жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи елдегі наразылық акциялары тәртіпсіздіктерге ұласып, адам шығыны мен қирауларға әкелгені үшін АҚШ президенті Дональд Трампты жауапты деп санайтынын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын іске асыру, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Польша президенті Кароль Навроцкий сәрсенбі күні Марцин Беректің Конституциялық сот судьясы ретінде ант беру рәсіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды Polsat телеарнасы.