NASA-ның денсаулық сақтау және медицина жөніндегі бас маманы Джеймс Полктың баспасөз мәслихатында хабарлауынша, Crew-11 миссиясының экипажы Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) Жерге жоспарланған мерзімінен бұрын оралады.
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Америка Құрама Штаттарының елшісі Джули Стаффт пен Болгария Республикасының елшісі Георги Воденски сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.
Finance.kz хабарлайды: “Қаржы министрлігі Ұлттық қор қаражатының түсуі мен пайдаланылуы туралы ай сайынғы есепті жариялады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қорға түскен түсім көлемі 10,21 трлн теңгені, ал алынған қаражат көлемі 5,30 трлн теңгені құрады.
Сауд Арабиясының әскери күштері «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) ұшырған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының басым бөлігін атып түсіріп жатыр. Алайда хуситтер корольдіктің әуе қорғанысындағы осал тұстарды тауып, соққы берудің тиімді жолдарын меңгерген. Бұл туралы Middle East Eye (MEE) басылымы дереккөзге сүйеніп хабарлады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп соңғы уақытта Украинаның Ресейдегі энергетика нысандарына шабуыл жасау үшін Вашингтон берген мүмкіндіктерді пайдалануына алаңдаушылық білдіре бастаған. Өйткені мұндай соққылардың салдары АҚШ-тың өзіне де кері әсер етіп отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) газеті дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.
Депутаттың айтуынша, 2027 жылы бюджеттің меншікті кірісін 16 пайыздан астамға, яғни шамамен 2,8 трлн теңгеге арттыру жоспарланған. «Алайда бұл болжам биылғы түсімдердің төмендетілген көрсеткішіне сүйеніп жасалған. Мұның әсері әсіресе қосылған құн салығынан түсетін кірістен айқын байқалады.