Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүк тасымалына арналған авиациялық хабтар саласын дамытудағы өзекті мәселелерді шешуді кешеуілдетіп отырған тиісті министрліктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Еуропалық комиссия (ЕК) Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға 165 млрд еуро көлемінде «репарациялық несие» беру туралы бастама дайындады, деп жазады сәрсенбі күні Politico басылымы өзінің қолындағы құжаттарға сілтеме жасап.
Түркияның энергетика министрі Алпарслан Байрактардың әлеуметтік желідегі хабарламасына сәйкес, түркиялық мемлекеттік энергетикалық компания BOTAŞ италиялық ENI және германиялық SEFE (Securing Energy for Europe, бұрынғы Gazprom Marketing & Trading) компанияларымен сұйытылған табиғи газ (СТГ) жеткізу жөнінде келісімдерге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.
Румыния парламентінің салалық комитеттері келесі аптаның басында жаңа үкіметті жасақтау міндеті жүктелген Лука Никулеску ұсынған министрлікке кандидаттарды тыңдайды. Бұл туралы жұма күні Румыния радиосы хабарлады.
Канада мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстардың нығаюы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуі мүмкін. Ресей Ғылым академиясының АҚШ және Канада институты Канада бөлімінің жетекшісі Наталья Вяхирева осындай болжам жасады. Оның айтуынша, Оттава мен Брюссельдің жақындасуына Канада мен АҚШ арасындағы сауда қайшылықтары да ықпал етіп отыр.
Жұма күні күндіз АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы бұрынғыдан да жылдам төмендеді. Ал жапон иенасына қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәселелер саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының пікірінше, табиғатты сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру қажет.